ТАРАУ. Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың əдістемелік мəселелері 72
ҚОРТЫНДЫ 76 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 78 ГЛОССАРИЙ 83 АРНАЛҒАН ƏДЕБИЕТ 89
КІРІСПЕ
Болашақ музыка мұғалімінің педагогикалық қызметтің кəсіпқой- лығын қалыптастырудың заңды кезеңдері – білім, білік жəне дағды жинақтауы. Сонымен қатар көркемдік-шығармашылық қабілеттерінің дамуы үнемі жүріп тұрады. Музыка пəнінің мұғалімі мамандығы педаго- гика мен музыка өнерінің қиылысында, жалпы педагогикалық жəне арнайы қабілеттерінің міндетті болуын көздейді. «Музыка пəнін оқыту əдістемесі» курсы жалпы білім беретін мектептегі музыкалық-педагогикалық қызметтің міндеттерін, мазмұнын жəне ұйымдастырылуын зерттейтін орталық пəндерінің бірі болып табылады. Музыкалық білім беру теориясы мен əдістемесімен бірігіп мектепте музыка оқытудағы кəсіби тəсілдің негізгі заңдылықтары оқыты- лады. Кез келген педагогикалық міндетке жету жолдары əр түрлі болуы мүмкін жəне шаблонды шешімдерге жол бермейді. Басты пəнді орналастыру бір материалды қисынды аяқтауды жəне басқа материалды одан əрі өрістетуді көздейтін ретпен жүзеге асырылады. Бірінші тарауда музыкалық білім беру əдістемесінің мəні, курстың жалпы мазмұны, негізгі міндеттері көрсетіледі. Онда теорияның жəне практиканың түрлі аспектілерін қамтитын музыкалық білім беру педаго- гикасының қазіргі жағдайы көрініс табады. Екінші тарау болашақ мұғалім-музыкантты практикалық жұмысқа дайындау мəселелеріне, музыкалық сабақты жоспарлау жəне талдау, ең алдымен музыка сабағын қалыптастыруға арналған. Музыка мұғалімінің практикалық қызметінің өзіндік ерекшелігі келесі қағидаттарға негізделген: сабақтың ерекше эмоционалдық-эстети- калық атмосферасын құру қажеттілігінде, оқушы тұлғасының рухани əлеуетінің дамуы мен қалыптасуына бағыттылығында, музыка тыңдау, орындау,музыкалық-орындаушылық қызметке қатысу процесінде жеке- шығармашылық қабылдаумен ұжымдық қызметтің əртүрлі түрлерін үйлестіретін сабақты ұйымдастыру. Оқу құралы музыка мұғалімінің музыкалық-педагогикалық техноло- гияларының мəнін анықтауды қарастырады, олар: музыка тыңдау, музыка- лық-орындаушылық қызмет, балалар музыкалық аспаптарында ойнау. Үшінші тарауда балалар музыкалық аспаптарына қысқаша сипаттама бе- рілген, ол музыка сабағында музыкалық-орындаушылық қызметті ұйым- дастыру бойынша музыка мұғаліміне көмектеседі. Педагог-музыкант оқу кезінде аспапта ойнау, сабақта немесе сынып- тан тыс жұмыста мектеп хорымен дирижерлау арнайы білім алады. Бірақ алған білімдерін кешенді түрде қолдана білу, əуестену атмосферасын енгізу, оқушыларды музыкалық өнерге деген эмоционалдық қарым-қаты- насымен шабыттандыру барлық түлектердің қолынан келе бермейді. Музыка мұғалімінің кəсіби-педагогикалық қасиеттерінің негізінде (4- тарау) музыка, оның эмоционалдық бояуы, құндылық қатынасы сияқты ерекше қасиеттерге ерекше назар аударылады. Болашақ мамандар əртістік туралы, оның орындаушылық міндеттерді шешудегі шығармашылық про- цестерге, балалармен эмоциялық-рухани қарым-қатынасты ұйымдастыру- дағы əсерін біледі. Мектепте музыкалық тəрбиенің эксперименталды міндеттерін шешудегі кəсіби-тұлғалық ұстаным ретінде эмпатиялылық қарастырылады. Курстың мазмұны студенттердің Қазақстан Республикасының ғылым жəне жоғары білім министрлігі ұсынған мектептегі музыкалық тəрбиенің түрлі бағдарламаларын меңгеруін қарастырады. «Елімай» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың музыкалық білім беру тұжырымдамасының ерекшелігін дəстүрлі көркем мəдениет құралдарымен музыкалық-эстетикалық тəрбиесін қалыптастыру. Д.Б.Кабалевский «Музыка» бағдарламасының мазмұнында оқушы- лардың музыкалық дамуының жетекші принципі музыка мен өмір арасын- дағы байланысты біртіндеп кең жəне терең ашу болып табылады. «Мұрагер» бағдарламасында балаларды рухани, адамгершілік, интел- лектуалдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамытуда қазақтың дəс- түрлі көркем мəдениетін зерттеуге баулу басты мақсат болып табылады. Шет елдердің музыкалық жүйелері туралы материал берілген тарау құнды жəне маңызды болып табылады. Ж-Далькроз бағдарламасында басты идея балаларды музыкаға,музыкалық қозғалыс, музыкалық ритмика негізінде үйрету болып табылады. Золтана Кодайи музыкалық жүйесінде ноталар бойынша əн айту тəсілі əуеннің қоймасын қалпына келтіруге мүмкіндік берді, ал əзірленген ырғақтың буындық жүйесі əр ұзақтықтың мəнін оңай жəне тез меңгеруге мүмкіндік берді. Орф ұсынған балалардың музыкалық инструментариінің арқасында балалар ұжымдық музыка ойнай алады, бұл музыкалық білім беру жүйесінде үлкен маңызға ие. Оқу құралында музыкалық білім беру теориясы, музыка теориясы мен тарихы, музыкалық орындаушылық, хор сыныбы, вокал сыныбы бойынша негізгі əдістемелік ережелердің тығыз байланысы қарастырылған. Студенттердің осы оқу құралының мазмұнын меңгеруі əдістемелік білім мен тəсілдерді меңгеруде, кəсіби-педагогикалық қызметтің шығар- машылық тəжірибесін жинақтау үшін қажетті теориялық жəне практика- лық базаны қалыптастыруда бағдар бола алады.