Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет11/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Қытай философиясы
Ежелгі Қытай қола дэуірінен темір дэуіріне өтуіне байланысты ауылшаруа- 
шылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қаты- 
настардың қалыптасуына, ой жэне дене еңбектерінің бөлінуіне, эртүрлі сатыдағы 
әлеуметтік топтардың пайда болуына алып келді.
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мем- 
лекет басшысы эрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүр- 
лі рангтегі аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін элеуметтік 
сатьща рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал қүлдар болса, жануарлар сияқты 
элеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктем- 
дігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әр- 
түрлі элеуметтік сатылардың бэрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас 
күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердің өлгендер- 
ге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге жэне аспанға деген қарым- 
қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен ты- 
ғыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметгік сатыда тұрғандар мен төменгі 
сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) 
аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын эр 
адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.


Крггай философиясы
15
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, 
математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негі- 
зінде Ай мен Күннің түтьтлу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен 
жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт 
есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым элі де болса элжуаз 
қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне эсер етпей қойған 
жоқ.
Біздің дэуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі 
Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа - мектептерге 
бөлінді. Олар - конфуцийшілік, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы 
философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философия- 
лық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері - конфуцийшілік, даосизм жэне легис- 
терге ғана қысқаша тоқталамыз.
Конфуцийшілік. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы 
осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жэне 
Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 ж.) кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында 
дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол тек 15 жасында ғана білімге 
құштарлык танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көпте- 
ген ізбасары болған. Олар ұстазының жэне өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары 
мен түжырымдарын жинақтап, «эңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген 
конфуцийшілік ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың 
көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш - Аспан, ол жерде әді- 
леттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, эртүрлі сатыдағы 
топтардың болуы - ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті 
қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе 
бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, 
рухтың не екенін қайдан білеміз», - деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі - адамдар арасындағы қарым- 
қатынас, тәрбие мэселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл 
бөледі: «тең орта», «адамгершілік» жэне «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бі- 
рігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Эр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
«Тең орта» - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әреке- 
ті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың 
көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі - «жэнь» - «ата-анасын құрметтеу жэне үлкен 
ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде-кім шын жүректен 
адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспен- 
шілік» арқылы қарым-қатынас - конфуцийшілік әдептілік туралы ілімінің негізгі 
өзекті үғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, «өзің қаламайтын нэр- 
сені басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді. Аталған эдептілік қағидаларьш 
«текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшілер өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» 
қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» заң мен парызды басшылыққа




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет