144
111 тарау. Ортағасырльщ философия
дай-ақ алғаіиқы қауым адамдарының тұрмыс-тіршілігін, болмысын, сана-сезімің
бсйнелейтін ауыз эдебиетінің тамаша үлгілері бізге Махмұт Қашқари еңбсктері
арқылы жетті. Түсіндірме сөздік - XI ғасырда Қарахан дэуірінде дүниеге келгең
мұра.
Оның толық аты-жөні - Махмүт ибн ул-Хусаин ибн Мұхаммад әл-Қашқари.
Ол жөнінде архив қоймаларында мәліметтер өте аз.
Әкесі - барсағандык руы-
нан шыққан адам. Кейін Қашқарға көшіп барғанына қарағанда Махмұтты сон-
да дүниеге келді деп шамалауға болады. Омельян Прицактың есебі бойын-
ша, «Махмұт Қашқари 1029 жылы мен 1038 жылдар арасында туған. Қарахан
әулетінен шыққан. Өйткені оның окесі Хұсайын бин Мұхаммед Мәуеренахрды
жаулап алушы Барсағанның эмірі Бағараханның (Харун ибн Сүлейменнің)
немересі деп танылады»46.
Махмұттың өзінің айтуынша, «Диуанды» жазудан бүрын ол түріктердің
барлық елі мен даласын аралап шыққан. Ол Қашқардан бастап, бір жағы - Жетісу,
Мауарнахр, Хорезм, ал екінші жағы Римге дейін аралап.
Олардың тұрмыс-салты,
тілі, ауыз жэне жазба әдебиеті т.б. бойынша көп материалдар жинайды47. Бұл
сөздікті жазудағы басты мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның
араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екенін дэлелдеу болған дейді Андрей Коно
нов. Бұл жөнінде М. Қашқари былай дейді: «Мен түріктер, түрікмендер, оғыздар,
шегілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жыл
дар кезіп, аралап шықтым. Мен бүл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл
тілдердегі кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Мен олардың
ең білгір адамдарының, ең үлкен мамандарының, көрегендерінің,
байырғы
тайпаларының ішінен шыққан жэне соғыс істеріндегі ең мықты найзагерлерінің
бірі едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түрікмендер, оғыздар, шегілдер,
яғмалар жэне қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып
қалды. Солардың бэрін мұқият бір негізде жүйеге салдым»48.
М. Қашқари сөздігі барлық түркі тайпаларының сөздігін қамтыған сөздік бол-
ды. Егер Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде ғылым байлығы мен күнэсіз
өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, Ахмет Ясауи «Диуани хик-
мет» шығармасында қоғамдағы қажетті әлеуметтік-тұрмыстық тэртіпті айқындап,
тақуалық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал М. Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»
еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да көптеген тарихи мәліметтер келтіреді.
Қашқаридан соң түркі тіліндегі жазбалар саны көбейді. Көптеген орта-
ғасырлық оқымыстылар Қашқаридың жолын куып оны одан әрі жалғастыра білді.
Мәселен: «Қарахандар Орта Азияны билеп отырған жағдайда орхон, ұйғыр, көне
қаңлы (хорезм), соғды алфавитінде еңбек жазуға мүмкіндік болмаған. Оған жол
салған Махмүттың лұғаты болған. Оның дәстүрін XII ғасырда ғүмыр кешкен
Ясауи мен Бақырғани жалғастырады»49.
Немесе «ХІІІ-XIV ғасырларда Халил жазған «Түрік - моңғол - парсы тәр-
жімесі», Мысырдан табылған «Гүлстан»
дастанының аудармасы, Құтып жырла-
46 Қашқари М. Түбі бір туркі тілі. - Алматы, 1993. - 5-6.
47 Келімбстов Н. Ежелгі дэуір әдсбиеті. - 1991. - 140-6.
48 Қашқари М. Девону лүғотит турк. - Ташкент, 1960. - 1-том. -4 4 -6 .
49 Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдснистжазбалары. -А лм аты , 1991. -78, 79-6.