Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет46/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Тақырыи бойынша сұрақтар:
1. Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мэдени-элеуметтік контекстегі 
негізгі қайнар козі қандай?
2. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы 
А. Августиннің рөлі қандай болды?
3. Схоластика феномені дегеніміз не? Схоластика кезеңіндегі философияға қандай белгілер 
тэн жэне схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі неде?
Араб тілді ислам философиясы
Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб жэне түркітілдес философия туралы 
әдебиеттер баршылық, дегенмен де, ол элі толық зерттелмеді. Бүгінгі таңда Шы- 
ғыс мәдениеті мен философиясы өркениетті элемдік деңгейғе, рухани мэдениет- 
тің бар саласына белсенді эсер етіп, үлкен үміт күттіруде. Бұл еуроцентристік 
теориялардың жяппы элемдік универсализмге ие бола алмай, тұйыққа тірелген 
шағын көрсетіп отыр.
Мэселен, ежелгі үнді, қытай жэне грек философиясының генезисін анықтау, 
оларды алғы философиялық сананың формаларына деген арақатынасын анық тү-


г
А раб тілді ислам философиясы
49
сіну әрқайсысының спецификасының жэне олардың даму зандылықтарының құ- 
рылуына мүмкіндік береді.
Бұл көне Шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ Шығыс пен Батыс- 
тың өркениеттілігін де салыстырмалы түрде оқып-білудің алғы шарттары болып 
табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, 
оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлдем өзгеше.
«Бұрынғы элемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өз- 
гешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол Батыстағы шешімді асырып 
жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шыгыста барлық 
уақытта бір түрлі философия өмір сүрген»'. Бірақ бұл солай ма? Олай емес, өр- 
кениет, философия, мэдениет Шыгыста да Батыстагыдай эрқилы жолмен жүріп, 
дамып келеді. Бұл алшақтық Шығыстың қоғам дамуының ерекшелігінен көрінеді. 
Яғни бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өзіндік көрініс тапқан, қай- 
таланбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес Шыгыс қоғамын көрсетеді.
«Өкінішке орай, кезінде ұлы Гегель де Батые философиясы Шығыс фило- 
софиясынан элдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан көреміз. 
Мұның бэрі отаршылдықтың көптеген ғасырлары Шыгыс ойларының пессимис- 
тігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі»1
2.
«Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағанды- 
ғын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта: үнді, қытай, араб мұсылман болып дамы- 
ғандығын көреміз»3.
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, Шығыс философиясының өзіндік бір дер­
бес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай, қатып қалған филосфия түрлерінің 
болмауы. Қайта бағыттардың эртүрлі қалыптарына, өміршеңцігіне, даналығына 
көз жеткіземіз. Сондықтан да біздің бұл бөліміміз Шыгыс философиясының бір 
бұтағы болтан Араб жэне түркі тілдес ортагасырлық мұсылмандық Шыгыс фило­
софиясына арналып отыр.
Осы бір тұста, тарихи зандылыққа сәйкес, философиялық ғылыми ойдың даму 
орталығы ортағасырлық мұсылмандық Шығысқа ойысты да, сонау XI ғасырға 
дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды.
Ортағасырлық Шығыста VIII-IX ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениет- 
тік даму деңгейі томен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, 
араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, 
мэдениетінің кең өркен жаюы жалпы VII ғасырда Арабстанда жаңа ислам діні- 
нің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғасырдың екінші жарты- 
сында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты 
VIII гасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып 
түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Арме­
ния, Үндістанның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палестина, бүкіл сол- 
түстік Африка жағалауы жэне Пиреней түбегі кірді. Атлантикадан Қытайға 
дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзе- 
ніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды. Араб халифатының қолөнері, шаруашы-
1 Орынбеков М.С. Ежелгі қазақгың дуниетанымы. - Алматы, 1996. - 9-6.
2 Бұл да сонда. - 9-6.
3 Степанян М.Т. Своеобразие типов восточного философствования // Вопросы философии. - 1987. - № 6. - С. 158.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет