Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Парсы тілді ислам философиясы


бет106/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Парсы тілді ислам философиясы
121
ретінде Ибн Сина философиясьш дұрыс зерделей отырып, оньщ идеалды даналы- 
ғьін кейінгі ұрпаққа көрсете білді.
Аш-Ширази. 
Садр ад-Дин Мұхаммет шамамен 
1571 
немесе 
1572 
жылы 
ЦІираз қаласының тұрғыны, ақсүйек жэне өте мәртебелі қала шенеунігі Ибрагим 
Ширази отбасында дүниеге келген. Ол қалада сң жақсы білім алып, жасынан фило­
софия мен дін іліміне қызығушылық танытқан. Ең жақсы ұстаздан білім алу үшін 
жас бала парсы еліне бүрынғы ғылыми зерттеу орталығы Исфахан қаласына келе- 
ді. Философия мен теология білгірі Мира Даматаның қарауымен діндік ғылымды 
оқиды; бірнеше жыл өткен соң философиялық білімімен өз оқытушысынан асып, 
көпшілік құрмстіне ие болады. Алған біліміне қанағаттанбай, жас ғалым өзін-өзі 
рухани дамытумен айналысуды шешіп, Кумаға жақын жердегі Кахақ деген кіш- 
кентай ауылға көшеді. «Асфар» деген өз кітабында айтқандай, рухани иллюмини- 
ция арқылы дүниені тану қабілетін алғанға дейін, он бес жыл өмірін тақуалықта 
өткізеді. Кейін ол кәдімгі өмірге оралып, бір шенеуніктің сұрауымен Ширази 
медресесін басқарып, қалған өмірін сонда оқытушылықпен, ғылыми жүмыстар 
жазып, Иранның барлык философтары мен теологтарының көңілін байлаумен өт- 
кізеді. Молда Садрдың жоғары деңгейлі руханилығына, алты рет Меккеге барып, 
қажылық жасап, жетінші қажылықта қайтыс болғанына қарамастан Иран «факих» 
қатары оның кейбір діндік ойларын қабылдамай, дінбұзарлық деп оны бірнеше 
рет кінэлады.
Аш-Ширазидің: «әл-Асфар әл-араба’а» («Торт рухани саяхат»), «әл-Мабда’ 
уа әл-ма’ад» («Басы мен аяғы»), «Шауахид ар-рубубийат» («Қүдай қамқорының 
дәлелі»), «Фи эл-джабр уа ат-таухид» («Оның жаратуы мен бірлігіне, Қүдайға то- 
лық тағзым ету туралы»), «Фи бади’ уджуд әл-инсан» («Адамзат тіршілігінің басы 
туралы») жэне т.б. еңбектері бар.
Аш-Ширази айтуынша, білімнің екі түрі бар, бірі логикалық анализ арқылы 
көрініспен, екіншісі «интеллектуалды сезім» арқылы жетіледі. Білімнің бірінші 
түрін оқытушының қарауымен дүниені танудан алуға болады; екіншісі жоғарьщан 
беріледі, оны рухани тану мен даму арқылы алуга болады.
Аш-Ширазидің философиялық түсінігінің бір тірегі - «болмыстың бірлігі 
мен градациясы». Мұнда ас-Сухраверди, Мир Дамат, оқытушы аш-Ширазидің 
«Ишрак» мектебі мен ислам перипатетизм жэне сопылық өкілдерінің арасында 
көп ғасырлық пікірсайыстар өткенін ескеруіміз керек. Кейбіреулері заттың мэні 
мен адам санасының метафизикалық санасы бір нэрсе; басқалары болмыс адам 
санасымен түсінетін емес, ол Құдайдың белгісі мен аты, сондықтан ой - бұл 
акциденттік көрініс, ал болмыс - олардан тәуелсіз заттың мэні. Осы көзқарастан 
аш-Ширази перипатетик пен сопылыққа жалғасып, адамның ойынан болмыстың 
тәуелсіз екендігін айтады. Акхун үшін барлык болмыс Құдайдан шығады, сон- 
дықтан бар Дүниеге бірдей. Бірақ сонда да заттардың бір-бірінен айырмашылығы 
бар, бұл айырмашылық заттардың мэнінің айырмашылығынан емес, Құдайдың 
заттардағы көрінісінің әртүрлілігінен шығады. Жарық затқа эртүрлі түсетін сияқ- 
ты, бірақ жарық болып қала береді, сол сияқты Құдай да өзінің барын эр затга көр- 
сетеді, бірақ эртүрлі. Содан басқа Болмыс өзін білім, ерік, қуат ретінде көрсетеді. 
Солай, тастың өзінің жаратылысымен «Білім» және «Даналық» деген Жарату-


122

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет