Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлың философия


бет138/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортағасырлың философия
эликсир. Ар-Руми айтуы бойынша, Шариғат - адам аддындағы жолды сэуленді. 
ретін жарық. «Адам бұл жолды шамсыз өте алмайды», - деген ол. Ар-Руми айтьщ 
тұрған жол шариғатқа бой ұсынбауды қарастырмайды. Шариғатпен жүрген адам 
ғана Шындыққа (бұл жерде, махаббат туралы келтірген) көз жеткізеді. Жүніс 
Әмре айтқандай, «Шариғат» пен «Тарақат» шындыққа жетудің жолы әрі өте 
маңызды білім - сонда. Ар-Руми шығармашылығын зерттеуші Ниматұллах 
ІСирмани: «Дін заңды қарастырады. Осы заңды бұзбай, дінмен өмір сүру - ¥лы 
Жол», - деген.
Егер сен діни білім мен жақсы әрекетті адалдықпен үйлестіре алсаң, яғни 
басқа пайдаға емес, тек Ол ушін жиылған біліммен Жаратушыға құлшылық етсең 
ғана шындыққа жетесің. Ар-Руми «сопылық» ілімнің шынайы болмысын танып, 
махаббаттың әмбебап діні туралы сөз қозғаған. Оның пікірі бойынша, рухани ке- 
мелденудің жоғары деңгейіне жетпейінше, адамдарды кемшілігіне қарамастан, 
оларды жақсы көру мүмкін емес. Тіпті адамдардың ашық басқыншылығына 
жақсылықпен жауап беру керек, себебі рухани кемелденген адамдар - Жаратушы 
жэне адамзатпен бірегей болып, Құдай сүйіспеншілікке көп бөлейтін объекті мен 
«жоғарғы тармақ»:
Біз жоғарғы бұгақта орналасып, бірлік жемісі толып тұр,'
Қандай да бір жолаушы тас лақтырса да, қарсы шықпаймыз.
«Сопылық» өлпіемі. Ар-Руми «Сопылық» тәжірибесінде көп шыңдарды 
бағындырған. Ол Құдайға түгелімен берілген, нағыз тақуа («захид») болған. 
Фетхұллах Гүлен жазғандай, «зухд» - дүниелік игіліктер мен ләззатқа қызықпау, 
ораза ұстап жүргендей өмір сүру, жануарлық тілектерді тоқтату мүмкіндігі.
Сипах Салар айтқандай, «Руми өмір бойы Құдайға қүлшылық етті. Мен 
оның жастыққа басын қойып, керуетте жатқанын көрмеппін. Негізінен, өзі мэн 
бермеген ғалымның денесін Құдай өзі реттеп отырды... Оның ұйқысыздығы 
мен уайымшылдығьш қалай жеткізуге болады?». Бір күні түнде «дэруіштердің 
айналуы» салтанат кешінде барлығының ұйқысы келді, ар-Руми шынтағымен 
қабырғаға сүйенді. Ол басын тізесіне қойып еді, шейх Мухаммед Хадим көр- 
пе әкеліп, Мэулене үстін жапты. Барлығы ұйықтап қалғанда, ол аяғына тұрып 
намазын оқи бастады. Сонан ол әрлі-берлі жүрді. Ол ешқашан дем алмайтын және 
тоқтамайтын». Ол Шамспен алғаш кездескенде су мен тамақсыз, адами тілектер- 
ден алшақтап, жарты жылға оқшауланған еді. Олар сол бір тамақтың түрін жеген. 
Ар-Руми «ішімде тамақты көтере алмайтын айдаһар бар» деп тамақтың он тілі- 
мін жейтін. Басқа бір сөзінде: «рухтың ішіндегі балапан тамақ пен аурудың көп 
болуынан сыртқа шыға алмайды».
Ар-Руми Шамспен кездескеннен кейін «Сама» биін билеп, экстатикалық 
жағдайға түсетін. Билеген кезде сырнайдың «нея» әуенін тындағанды ұнататын. 
Ар-Руми өз сезімдерін былай сипаттайтын: «бидің айналуында орнында отыра 
алмайтын pyx бар. Ештеңе жасамай отыра берме, секір! Күтудің қандай да бір 
себебі бар ма? Ойланып бұл жерде отырма, егер адам болсаң, махаббатыңа бар»; 
«айналу рухы тірі адамдар сезетін жайлылық. Рухы мықты адам ғана мүны түсіне 
алады»; «О, Құдайды сүйетін! Сен айналғанда, екі дүние де аяғыңның астынан


161

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет