ойлау. Түпнегізді ешкім (Құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда
болуына себепкер (causa sui). Түпнегіздің атрубуттары модустарды дүниеге әке-
леді. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі - түпнегіздід атрибуттарынаң
тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай:
а) кеңістікте көсілу атрибутынан қозғалыс жэне тыныштық модустары; э) ойлау
атрибутынан ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі - әлемдегі
жеке денелер модустары. Әлем түпнегізбсн пара-пар болғандықтан, бұл модустар
- түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Элем универсум (әмбебап
жалпы ұғым) ретінде мәңгі жэне өзгермейді. Ал оған кіретін жекс денелер үз-
діксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз
өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс
модустары арқылы жүзеге асады.
Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке
денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде эртүрлі болып
кездеседі. Егер жануарларда жан, адамдарда жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары
болса, басқа заттарда тіршілік модусы ғана болады. Бүл жерде Спиноза тірші-
лік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін ай-
тады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретін-
де қарастыруы философияда гилозоистік көзқарастың жанданьш, одан әрі қарай
дамуына үлкен эсер етті.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге
идеялар да модустар. Олай болса, адамдар өз мүмкіндіктерін жэне табиғаттың
заңдылықтарын, сырын неғүрлым көбірек білсе, солғұрлым ол өзі үшін эдепті-
лік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, Құдайдың мэ-
нін түсінуге жақындар еді. Ал Құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек
сүйеміз. Осындай Құдайға деген сүйіспеншілік те біздің игілігіміз. Адамдар өзін
туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың
іс-эрекеттері себептілікке бағынады. Бұл зандылықты білмегеннен кейін олар өз-
дерін еріктіміз деп ойлайды.
Табиғаттың, адам өмірінің себептілік зандылығына бағынышты екенін түсіну
үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.
Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі - сезімдік
таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы
алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады; екіншісі -
рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл
сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі - интуиция немесе заттар
мен құбылыстардың мэнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мэнін түсініп-білу
арқылы, олардың түпнегізін (Құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Сөйтіп, Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мэнін, мазмұнын,
табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғалымдардың ісі, ал дінге
келетін болсақ, оның Құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, дін-
нің шығуына екі түрлі себеп эсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзі-
нен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы жэне 2) олардың
табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: