1 9 2
Ф илософия тарихьі
V тарау. Ж аңа заман философиясы
193
Бірақ Спинозаның пікіріншс, дін халықты уыстан шығармай ұстап түру жэне
қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғасырдағы француз ағартушылары-
нын еңбектерінде эрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тэсілі мен таным проце-
сіндсгі кейбір соны идеялары (интуиция, т.б.) Шеллингтің, Кантгың, Гегельдің
философияларында дамытылды.
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 ж.). Немістің көрнекті физигі,
математигі, тарихшысы жэне философы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақьш-ойы
туралы жаңа тәжірибелер», «Мондология», т.б.
Лейбництің ілімі бойынша, Қүдай өзінің ішкі даму зандылығына сэйкес түп-
негіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мэнділікгердің, соның ішінде
материяның да, түпнегізі - ұсақ денелі, шамалы болса да, саналы монадалар. Олар
табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі касиеттері: 1) барлық мэнділіктің
түпнегізі ретінде ол қарапайым жэне бөлінбейді; олардың өз алдына бөлек жэне
әрекетшіл мүмкіндігі бар.
Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық нс-
месе геометриялық тұргыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды,
олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда, эрекетшіл күштің
түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күінтің
(Құдайдың) әсерімсн пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашқы монада - Құдай,
ал қалғандары - оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, құбылыстар деп жүрген-
деріміз - шындығында монадалар жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт - монадалар
күшінің көрінісі.
Монадалар күшінің эрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде жинақталған.
Монадалардың эртүрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің эртүрлілігіне
байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» кабілеттерінің даму сатыларына
қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) «еске алу» қабілеті бейсаналық күйіндегі
қарапайым, үйқыда жатқан монадалар, оларға минералдар мен өсімдіктер жатады;
2
) «еске алу» қабілеті түйсіктер мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар,
оларға жануарлар жатады; 3) «еске алу» қабілеттері айқын да анық рухқа, жанға
айналған монадалар, олар - адамның жандары; 4) шын мәнінде, саналы, объектив-
ті «еске алу» қабілеті бар монада - Қүдай.
Әр монаданың «еске алу» қабілетінің даму заңдылығы тек өзімен шектеледі.
Басқаша айтқанда, сш нэрсе оған сырттан кірмейді жэне одан сыртқа шықпайды.
Мысалы, минералдар мен өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамға, ал адам
Құдайға айнала алмайды, әрқайсысы өз деңгейінде қалады.
Лейбництің таным процесі туралы іліміне келеек, ол сезімдік түйсіну мен
рационалдық танымдардың өзара катынасын екі түрлі акиқаттың табиғатын
айқындаудан шығарады. Бірінші түрі ақыл-ой ақиқаты немесе кездейсоқ-
тық ақиқаты деп аталады. Бірінші түрлі ақиқат деп отырғанымыз - логика мен
математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұ-
рыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан бұл ақиқатқа жетудің бірден-бір жо-
лы - Аристотельдің логикалық заңдарына сүйеніп танып-білу.
Ал фактілер ақиқатына келетін болсақ, олар табиғатьгаан кездейсоқгық мэнде
болатындықтан, оларды аталған логика зандары арқылы түсіндіріп білу өте қиын,
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |