Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


М үсылман елдерінің, философиясы


бет208/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

М үсылман елдерінің, философиясы
2 3 7
алғанда, олардың Құран туралы түсініктерін көлегейледі, бұрынғы зерттеушілер 
Құранды грек философиясыньщ негізінде оқыды. Құран рухани мэні жағынан 
антиклассикалық деп түсіну үшін де оларға 200 жыл керек болды. Икбалға еуро- 
поцентризм ұнамады. Ол оған арабтардың Жерорта маңы елдерін жаулап алуын 
қарсы қойды. Осының негізінде еуропалық өркениет дамыған, бірақ казіргі кезде 
ол өзінің жасампаздық күшінен айырылды. Икбал Еуропада болған кезінде өзін 
нағыз мұсылман ретінде сезінгенін, ал өз діндестерінің бөлінгендерінен қатты 
күйзеліске ұшырадым деп жазды.
Икбалдың дүнистанымы қалыптасуында бұрынғы мұсылман ойшылдары- 
ның, эсіресе ортағасырлық сопышылдық қалдырған мұра басты орында тұрды. 
Ол Джамал ад-Дин Румиді (1207-1273 ж.) өзінің рухани ұстазы ретінде санады. 
Икбалдың философиялық жүйесі оның үнді қалаларында 1928-1929 жылдары 
оқылған дәрістер циклі жэне «Исламдағы діни ойлардың құрылымы» деген атпен 
шыққан жеке кітабының негізінде жазылған. Өз жүйесінде Икбал мынадай үш 
идеялық тұғырнаманы келтіреді: 1) исламның басқа діни жүйелерінен жорамалдық 
басымдылығын; 2) мұсылман ойын соңғы бес ғасырда мойындады; 3) ислам «құ- 
рылымын» сенім рационализациясы бағытында міндетті түрде «ғылым мен се- 
німнің үйлесіміне» жеткенге дейін тарату керек.
«Дін дегеніміз - өте маңызды мәселе; ол тек бір ғана ой, бір ғана іс-әрекет 
емес; ол - адам болмысыньщ көрінісі. Сондықтан философия дінге баға береді, 
оның бейнелі жиынтығы процесінің негізі боларлықтай күші барын мойындау ке­
рек», - дейді Икбал.
Адамдардың алдында тұрған жалғыз жол - құрмет сақтау, бірақ қазіргі білім- 
дерге тәуелсіз көзқарас білдіре отырып, ислам ілімін осы білімдер қатарында ұғы- 
ну керек. Тіпті осы кезге дейінгі галымдардың көзқарасына қарсы болтан күнде 
де, ақиқаттың мистикалық танымынан бас тартқандығы Икбалдың толыққанды 
философиялық идеяларының мәресі болды.
Икбалдың барлық күрделі философиялық жүйесінің негізін Худи тұжы- 
рымдамасы құрайды. Әлемдік жүйе «Мен»-нен тұрады жэне өмірдің құрылымы 
жеке адамдардың мендік қасиетінің тұрақтылығына тэуелді болады. Икбал ойы- 
ның жоғары жетістігі «Худи тәуелсіз, өзіндік, өздік» деген сөзге жақын ұғымдары- 
ның астарында, философиялық ой қорытуы болып табылады.
Құдай өзін адамша бейнелеп көрсетеді, мұнымен Құдай абсолютті Мен, абсо- 
лютті Едо болғанда, адам соңғы мен немесе жай Едо. «Біз материяның атомдары» 
деп атайтын механикалық қозғалыстан адам «Едо»-сындағы еркін ой қозғалы- 
сына дейін әлем барлық өзінің бөлшектерінде «¥лы Меннің» өзіндік көрінуі. 
«Сондықтан Құран алғашқы Едо адамға өзінің тэніндегі тамырынан да жақын 
деп үйретеді».
Едоның негізгі мақсаты - бірдеңені көру емес, бірдеңе болуға тырысу. Едо- 
ның ұмтылу мақсаты - жеке адамдардың шектелуінде (эмансипациясы) емес, ке- 
рісінше, оның нақты анықтамасы. Икбал өзінің Худи принципін алға қояды жэне 
адамның Құдайға деген сенімін оның пендешіліктерінен биік дәрежеге жеткізу 
үрдісінде қарастырады, яғни мұны мұратқа жеткізу жолы деп түсінеді. 
і
«Менді» теріске шығару - бұл доктрина, мұның мақсаты бұқара халықты өз- 
дерінің билеушілерішң айтқандарына көндіру үшін ойлап табылған. Едосы салыс-



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет