Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Крзак, философиясы кдлыптасуыныц тарихи ерекшеліктері


бет238/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Крзак, философиясы кдлыптасуыныц тарихи ерекшеліктері
267
кірге тоқталады. Кезекті бір пікірталас үстінде істің барысын тыңдап отырып, 
Анахарсис: «Элладалықтар қызық осы: мұнда сөзді ақылдылар, ал мэселені 
ақымақтар шешеді», - деп таңғалыпты69.
Анахарсистің ділмарлық талантының ашылуына Солонның ұстаздық тэ- 
сілі қатты эсер етіп, ойын қысқа әрі ұтымды сөзбен табан астында жеткізуге 
машықтандырған. Белгілі бір тақырыпты таңдап алып, сол туралы пікір жарыс- 
тырған. Соның нәтижесінде Солон мен Анахарсистің арасындағы сөз бәсекесі 
туралы пікір-аңыз мұқьш Эллада еліне тарап кеткен. Олардан кейін өмір сүрген 
философтар мен тарихшылар, шежірешілер, жазушылар мұны ішінара мысалға 
келтіріп, дәйектеме есебінде пайдаланып отырған.
Бұған дэлел Лукианның «Анахарсис немесе гимнастика туралы» деген көр- 
кем эңгімесінде Лукиан дене тәрбиесі хақында сөз қозғай отырып, скифтердің 
әдет-гұрып, салтын жеткізеді. Мұндағы Лукианның айтпагы, отырықшы халық 
пен көшпенділер эдет-гурпының, дэстүрінің әдетте бір-біріне ерсі көрінуін түсі- 
нуінің қиын екендігін корсету еді. Яғни олимпияда кезінде екі жас жігіттің ортаға 
шығып, бірімен бірінің көпшілік алдында жұдырықтасып төбелесуі Анахарсиске 
еріккеннің ермегі тэрізді көрінеді. Сонда Солон:
- Эрине, мұндай жаттығудың саған сөкет көрінуі орынды. Бұл - скифтердің 
ешқандай гүрып-эдетіндс кездеспейтін қарекет. Бірақ та сендердің салттарыңньщ 
арасында да бізге, элладалықтарга сөлекет көрінетін тағылымдар мен тәрбиелік 
жайлар бар ғой. Сенің дэл қазір біздің жаттығуымызға қатысып отырғаныңцай, 
сендердің салттарыңды біз қызықтап отырсақ, тура сен кешкен күйді кешер едік, 
— деп олимпиадалық жекпе-жектерді тілге тиек етеді.
Ежелгі грек философтарының, тарихшыларыньщ еңбекгерінде Анахарсиске 
айтты дейтін қанатты сөздер өте көп кездеседі. Оның көпшілігі сұрақ-жауап үл- 
гісінде.
Бірде Анахарсиске: «Адамның бойындағы ең жақсы жэне ең жаман нәрсе 
не?» - деп сүрақ бергенде, ол: «Тіл», - деп жауап қайырыпты.
Антикалық азаматтың біреуі оны «скифтің түқымысың» деп кемсітіп, тыюгяи 
тегін бетіне салық қылып басыпты. Сонда Анахарсис: «Мен үшін - елім қайғы, ал 
сен - еліңе қайғысың», - деген екен. Сондықтан да оның мүсінінің астына: «Тілі- 
ңе, құлағыңа, он екі мүшеңе ие бол!» — деген сөз жазылған70.
«Адам мен адамның айырмашылығы - тілі мен атақ-даңқында емес, ақы- 
лында», «Қызғаныш пен қорқақтық — адамдагы ең қасиетсіз сезім. Қызғаныштың 
соңы досың мен әріптестеріңнің табысын табалайтын қайғыға ұласады, ал қор- 
қыныштың соңы үмітсіз дүниеге үміттенумен өмір сүруге әкеп тірейді», — дейді 
Анахарсис.
Негізі, Анахарсис өз пікірлерін, шығармаларын поэзия тілімен жазған. Дио- 
геннің айтуынша, ол туралы Эллада елінде «Скиф осылай сөйлейді» деген мақал 
қалған.
Анахарсис туралы Плутарх «Жеті ғұламаның сауығы» атты еңбегінде Эллада 
ойшылдарының білім салыстырып, сейілдеп жүріп, пікір таластыратын әдеті 
болғанын айтады. Бұл пікірталасқа Фалес, Солон, Питтак, Биант, Хилон, Клео-
69 Ж ұртбаев T. Дулыға. - Алматы, 1994. - 1-том. - 145-6.
70 Плутарх. Ө мірнама жинағы. - Алматы, 1987. - 161-6.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет