Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


К ?заи философиясы крлыптасуының тарихи ерекшеліктері


бет234/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

К ?заи философиясы крлыптасуының тарихи ерекшеліктері
2 6 3
анықтау. Былайынша айтқанда, жалпылық, ерекшелік, даралық диалектикасын 
ұлттық философия тарихы шеңберінде таразылау.
Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан басқа ұлттар фило- 
софиясынан олардың ішінде өнеге тутатындарынан өзгеше ерекшеліктері бар. 
Ол - негізінен, қазақ халқьшьщ элеуметтік тарихының, оның өзіне тән қилы ке- 
зеңдерінің нэтижесі. Қазақстан тарихы қоғамдық дамудың классикалық түрі- 
не жатпайды. Себебі ол алғашқы қауымдық құрылыстан тікелей феодализмге, 
одан капитализмге соқпай, социализмге өіуге қарай дамыды. Соңғысы, қазір- 
гі белгілі болғандай, тарихи қателік еді. Адамзаттың даму процесіндегі даңғыл 
жолдан тайған тоталитарлық жүйе философиялық ойды да тығырыққа тіреді. 
Ал феодалдық қатынастар Қазақстан аумағында көптеген ғасыр үстемдік ет- 
ті. Капитализмнің дамуы XX ғасырдың басында біршама қарқын алғанымен, 
кенеттен үзіліп қалды. Осындай элеуметтік ерекшеліктер барлық қоғамдық 
сананың, оның ішінде философиялық сананың қалыптасуына әсерін тигізбей 
қоймайды.
Қазақ философиясы — қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлі- 
гі жэне заңды жалғасы. Қазақ мәдениеті тарихтың эрқилы кезендерінде басты 
елдердің мэдениеттерімен біршама байланыста больш, олардан тікелей неме- 
се жанамалай қуат алып отырды. Сыртқы әсерлер, негізінен, қазақ мәдениеті- 
нің мүдделеріне, оның тарихи кажеттілігіне, қандай мәселелерге зэру болуына 
байланысты игі ықпал етті, философиялық ойлау жағдайларын қалыптастырып, 
ұлттық дәстүрлер мен бағыт-бағдарларын айқындай түсті.
Қазақ философиясы әлемдік философияньщ бір бөлігі болып табылады. Фи­
лософия тарихына шьгаайы көзқарас, қазіргі кезде оның құрамында элеуметтік 
кеңістік жағдайын ескерсек, үш түрлі компонент бар екенін көрсетеді. Олар - ұлт- 
тық философия, аймақтық (регионалдық) философия жэне әлемдік философия 
(аймақтық философияньщ классикалық түрі — марксизм, ал әлемдік философия 
элі қадыптаса қойған жоқ). Қазақ философиясында осы аталған үш филосо­
фияньщ әсері эртүрлі болды. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында жэне 
XX ғасырда орыс философиясы, маркстік философия жэне басқа кейбір әлем- 
дік философия тікелей эсер етті. Өз жағынан казак философиясының да оларға 
ықпалы болды деп айта аламыз. Дегенмен бұл өзі — жеке зерделі зерттеуді кү- 
тіп тұрған өзекті мәселе. Нэтижесінде жоғарыда айтылған философия тарихы 
дамуындағы жалпылық, ерекшелік жэне даралық диалектикасын ұлттық фило­
софияньщ өзекті мәселелерін зерттегенде көзден таса етпеу - ғылыми методоло- 
гияның бірден-бір сүранысы деп айтуға болады.
Халықтың коғамдық санасының даму процесінде философиялық дэстүр- 
лер қалыптасып, тарихи өзгешеліктеріне қарамастан, қазақ философиясы тари­
хында оның эр кезендегі сатысында өзінше дамыған философиялық ойлар ішкі 
байланыста больш, олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырды. ¥л ы Абай 
айтқандай, «Адам бол!» идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ 
философиясына тэн ортақ жэне үдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы 
эрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа, тендікке жету жолдарын қарастыруға 
бет бүрған.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет