Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 2 V III тарау. KfBaij философиясы


бет233/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 6 2
V III тарау. KfBaij философиясы
тағы да философияны, оның тарихын дүрыс түсінбеуде дер едік. Қазақ тарихы- 
ның белгілі бір кеңістік-уақыт параметрінде философиялық құбылыстарды үш 
белеске немесе үш кезеңге бөліп қарауға болар еді. Біріншісі - алғы философия 
(предфилософия). Оған тэн нәрсе - обьективтілік пен субьективтілікті өте нашар 
ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлел- 
денген теория күра алмайды. Ол психологиялық образ, күйбең, эмоция деңгейін- 
де үзік-үзік ойлар ретінде қалып қояды. Аталған элементгерді мифтік-көркемдік 
әдіспен ұйымдастыру арқасында дэл сол кезеңге сэйкес өзіндік семантикалық 
тұтастық пен семантикалық бірлік жасауға мүмкіндік туады. Осы құбылыс қазақ 
философиясы тарихының ертеден бастап XII ғасырға дейінгі кезендеріне тән бо­
лу керек. Екіншісі - философиялық кезең. Оған тэн қасиет - объективтілік пен 
субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде санаттар мен 
түсініктерді, формальды-логикалық операцияларды қолдану арқылы теория мен 
тұжырымдамалар жасау. Басқаша айтқанда, ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайьш, 
ауқымданып, қоршап түрған дүниені, қоғамды жэне адамның өзін дұрыс бейне- 
леу белесіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасырдан 
XX ғасырдың басына дейінгі кезеңін қамтиды. Үшіншісі - теориялық-әдістемелік 
қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған жэне әлемдік рухани 
байлықпен үштастырылған.
Қазіргі замандағы қазақ философиясын, оньщ өзіндік тарихын қазақ филосо- 
фиясыньщ метатарихы деп атаса да болар еді. Мұның бір ерекшелігі - зерттейтін 
обьектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі 
түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа 
үлгіден ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау жэне жаңартуы.
Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, қазақ философиялық ойлары- 
ның қалыптасуы хронологияльщ жэне мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады дер 
едік. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып түрған уақытты жэне соған сәйкес 
келетін алғы философиялық (философияға дейінгі) сананы қамтиды. Екінші ке- 
зең - XX ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мүрасы 
мен еңбектері. Мұнда ғылымға дейінгі саналы түрде айтылған, жазылған теория- 
лық пайымдаулар келтірілетін эртүрлі бағыттағы көзқарастар баяндалады. Бүл 
қалыптасқан пікірлерді ескере отырьш, нағыз философиялық тұжырымдамалар 
деп атауға болады. Себебі ойшылдардың дүниеге көзқарасы олардьщ өздерінің 
ерекшеліктері арқылы эрқилы бағыттарға, жолдарға, қисьгадарға іштей бөлініп 
жатыр. Негізгі көксеген мақсаттары - эрқилы әлеуметтік топтардың мүдделерін 
жоқтау, жақгау, көздеу немесе жою. Үшінші кезең — XX ғасырдың басынан қазір- 
гі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, 
жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген эдістемелік, теориялық 
жэне концептуалды қателері, «ақтаңдақтар». Талдауға жататын мэселелердің 
бастылары - қазақ қоғамының экономикалық, саяси жэне рухани өміріндегі не- 
гізгі философиялық мэселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан 
ғылым - қазақ философиясының тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден 
зерттеуіміз керек деген проблема қазіргі кезенде өте үлкен орын алып отыр.
Философия тарихы әдістемесінің негізгі бір мәселесі - жалпылық пен даралық 
қатынасы, ерекшеліктің орнын табу және сол ерекшеліктің дараға тэн қасиеггерін



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет