Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 0 V III тарау. Кдзак, философиясы


бет231/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 6 0
V III тарау. Кдзак, философиясы
ретінде есептеді. Оның жарқын көрінісі - қазақ философиясының ақсүйек әулет- 
тер «генеалогиясы».
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны фи­
лософия эпос арқылы өзгерген жэне жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір 
заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды жэне сонымен қатар өнер 
мен бастапқы ғылым элементтерінің эсерімен философияның шығу процесін, 
оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жедел- 
детеді.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат жэне қоғам туралы жаңа дамып келе 
жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияньщ 
пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке 
тэн, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде не 
мифологиялық, не аллегориялық-көркем, не символикалық-діни, не нақты ғылы- 
ми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа 
түсініктегі ойлау нысандарын кұрайды.
Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан гөрі, одан да белгісіздігі мол дүниені 
танып-білуге ұмтылу, егср де ол дүние тіпті танып-білуге мүмкіндік бермесе, 
Тэңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау - мифтің өзіне тэн ерекшелігі. 
Адамға элеуметтік басқару жүйесін таңып, оны тусініксіздеу әлдебір күштің эсе- 
рімен түсіндіру, ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған 
жағдайда, жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгерту мүмкіндігін жетілдіру 
- бұл миф пен философияның арасалмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой 
қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы - философия­
ньщ пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шеші- 
лу процесі62.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дү- 
ниеге көзқарасы жалпьшықты, көзқарастың әмбебап принциптерін немесе 
«бастауларды» анықтаудағы занды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. 
Діни мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой үрса, филосо­
фия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мэнін ашуға, пікірсайыс ретін- 
де қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды 
аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлау жэне оның 
интеллектуалды интуициясымен бірге қабысқан нәтижесінде туады.
Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеумет- 
тік, таптық бөлінуі жэне «ақсүйекті» рулар пайда болу кезінде күшейді. Соң- 
ғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні Құдайдан немесе батыр 
бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің 
қажетті жэне зандастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді рөлі бекітілді. 
Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін 
біршама дұрыс бейнелейді. Осыдан келіп, олардың көзқарасы, қоғамның тари­
хи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. 
Мысалы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жэне т.б. ой жүйесі, олардың ақыл-кеңес 
айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
62 Богомолов А.С., Ойзерман Т.И. Тарихи-философиялык процесс теориясының негіздері. - М., 1983. - 95-6.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет