VIII тарау
ҚАЗАҚ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Казақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптас-
қан іргелі халықтардың бірі - қазақгар ғасырлар бойында жазба
мәдениеті бол-
маса да, ауызша әдіспен өзіне тэн бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет
пайда болғаннан кейін бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшелік-
терге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау эле-
менттерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын тү-
гелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның не-
гізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түр-
дегі көзқарасты, дінді тану жэне басқа да
еркін ойлау процестерін, моральдық
мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды
насихатгауы, т.б. мәселелер болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар,
айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бэрі де өздері өмір сүрген
заманның объективті қубылыстарын тілге тиск, ойға өрнек етіп, эртүрлі деңгейде,
бірақ
жалпы алғанда, жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқьшың
қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құры-
лымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары,
еркін ойлау,
деистік жэне пантеистік көзқарастар, адамгерніілік, ізгілік, имандьшық,
зорлық-
зомбылыққа қарсы күресу, құқықтық, саяси жэне философиялық жақтары, мемле-
кет, қоғам, жеке адам мэні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сы ңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа,
қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатьш басқа да кемшіліктерге
қарсы бағытталады. Бұл да - қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының
өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы
патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін,
оның бақыты, мүддесі жэне болашағы
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: