132
III тарау. Ортагасырльщ философия
Жалпы, қазақ философиясын, оның дүниетанымдық негізін бэрімізге ортақ түр.
кілік фольклор, мәдени мүраларымыздан іздесек, қателеспеген боламыз. Осы
тұрғыдан алғанда, Қорқыт жырлары - Орталық Азия, Кавказ, Қазақ халықтарына
ортақ әдеби-философиялық эстетикалық мұра. Бұл слдердің қай-қайсысы да Қор-
қыт ата жырларын өз эпосыныц арғы атасы, прототипі деп атауға қақысы бар.
Қорқыт ата мүраларын жалпы адамзаттық жоғары философиялық-мәдени құнды-
лықтар қатарына жатқызамыз.
Жүсіп Баласағүн (XI ғ.). Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығынан
орта ғасырдағы Шығыс Ренессансы деп аталатын алтын дәуірден түркі д үниесіне
қатысты құнды ақпараттар аламыз. Қараханидтер дэуіріндегі мэдени қоғамдық
жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ой-
шыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн Сина, Беруни секілді ойшыл
ғүламалардың сан-салалы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дэуірінің асыл
маржандары болып саналатын Махмүт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі»,
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Игүнекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет
Ясауидің «Диуани хикметі» тарихи ескерткіштердің пайда болуына белгілі бір
дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де
Шығыс мэдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзат рухани дүниесінің
түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дэуірде адамзат қауымы жылдар бойы
жинақталған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге үмтылып, оны бөлшектеуге,
қиратуға бағытталған күнггерге қарсы күресуге ұмтылып отырған кезеңді басы-
нан кешіруде. Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді «бақыт деген не?»
деген моңгілік сүрауларды қабырғасынан қойған болатын. Солардың бірі «Құтгы
білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн - XI ғасырдың аса көрнекгі ақыны, есімі бүкіл Шығыс
елдеріне мэлім болған, данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі
қоғам қайраткері. Ол - философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих,
араб-парсы, тіл білімі, т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген ғүлама ғалым. Оның
есімін элемге танытқан «Құтты білік» кітабы сол замандағы ресми әдебиет тілі
болып саналған араб тілінде емес, түркі халықтарының тілінде жазыпған алғашқы
энциклопедиялық еңбегі еді. Сондықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,
ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жой-
майтын, жалпыға ортақ мэдени игіліктер тізіміне қосьшатьш дүниелерді қайта
қарап, саралауға тиісті. Олай болса, «Мың бір түн», «Жолбарыс терісін жамылған
батыр» секілді элемдік эдебиет үлгілерімен қатар «Құтты білікті» де өз мойнына
мэдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз.
Сонымен бірге Жүсіптің поэмасы - көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуі-
нің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Біртұтас үлкен тілдік отбасының өкіл-
дері Жүсіп Баласағұнмен өздерінің туыстығын білдіре алады. Бұл жерде қазақ-
тарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түрікмендерді, эзірбайжандар мен түріктсрді
атауға болады. Мэдени, саяси жэне этникалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне,
тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек
детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас түрғысынан қарастырған кезде
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |