Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырльщ ф илософ у


бет130/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

150
III тарау. Ортағасырльщ ф илософ у
А. Иүгінеки өзінің шығармасында негізінен ең басты нәрсе деп оқу мен білім 
мэселесіне көңіл қояды. Орта ғасырдағы кейбір діни-мистикалық әдсбиеттің 
адамның танымдық мүмкіндігін, қабілетін жоққа шығаруға тырысып жатқанда, 
А. Иүгінекидің сол кезде адамдардың сана-сезіміне ой ұялатып, оқу-білімге, 
ғьшымға шақырып, өз жырларына қосуын оның ерлігі мен азаматтығы деп білеміз.
¥л ы ғұлама дүниенің, элемнің сырын, құпиясын ашатын кілт көкірегі ояу, көзі 
ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген тамаша пікір айтқан. Ол ғылым 
мен ашу-ызаны қатар қоюға болмайды дейді. Ашу-ызаға тізгін берген адам қашанда 
надандыққа, тұғырға тіреледі. Бар дүниенің есігін, болмысын тек білім арқылы 
ғана ашуға болады деген шешімге келеді. Ол дүниенің өзгеріп тұратыны жайын- 
да, эдептілік, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз мінез-құлықтар 
жайында этикалық білімге, ал бақытсыздық - қараңғылыққа, надандыққа байла- 
нысты деп ұғынады.
Сондай-ақ А. Иүгінекидің адамгершілік, этикалық, әдептілік ілімдері де 
үлкен мэн берерлік нәрсе деп ойлаймыз. Ол адамдарды мағыналы, мазмұнды әділ 
сөйлей білуге, өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, әдептіліктің басы - тілге сақ болу 
керектігін баса үйретіп, керемет ақыл-өсиеттер айтады. Мәселен,
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар,
Әдептіге «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый, сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Сөз есепсіз - тілінді тый, тарт, ұста,
Тыймаған тіл басьща сор эр тұста.
Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та,
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не? -
деген жыр жолдары бүгінгі күнмен ұштасып жатқан, тәлім-тәрбиелік мэні зор, 
адамның жан дүниесін түсінуге, танып білуге шақыратын керемет философиялық 
толғаулар деп ойлаймыз. Оның бар ойы, әрекеті адамдарды жаман қылық әре- 
кеттерден құтқару, мүмкіндігінше адам деген қасиетті жоғары ұстауы. Тэн жара­
сы жазылар, бірақ жанға түскен жара, тіл салған жара жазылмас деп айтуы үлкен 
адамгершіліктің, әдептіліктің, философиялық толғаныстың, өз заманының адал 
перзенті болган азаматтыісгың белгісі деп ойлаймыз.
А. Иүгінеки мінез-құлық нормалары жөніндегі өзінің философиялық-этика- 
лық пікірлерін, бұл жерде этикалық ұғымдар жомарттық пен сараңдықты қарама- 
қарсы қойып түсіндіреді. Оның пікірінше, жомарттық болған жерде, алынбай- 
тын асу, жылымайтын жүрек жоқ. Ол жомарт адамдарды бар ықыласымен, жан- 
жүрегімен беріле жырлайды, үлгі-өнеге түтады.
Өмірде жақсы мінез - «жомарт» деген, 
Жаман ат - «сараң», тэуір соз ермеген. 
Берген қол бәрінен де құттьг болар, 
Сол жаман - ала біліп, түк бермеген, -



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет