V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
2 0 9
Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тэн емес, ол — капиталистер
арасында да болатын құбылыс.
Аластатушылықтың экономикалық негізі — жеке меншік. Ал қоғамдағы басқа
қүбылыстар (діни, құқықтық, саяси, т.б. аластаулар) осы заңдылықтарға бағы-
нышты. Аластатушылықтан қалай құтылуға болады? Егер аластатушылық өзің-
нің мәніңді, қасиеттерің ді жоғалту процесі болса, оған қарсы процесс - жоғалтқан
адамдық мэніңді «қайырып алу». Бұл процесс тек жеке меншік жойылғанда ғана
жүзеге аса алады. Жеке меншік жойылғанда, адам өндірістік өнімдерді күн көріс
үшін шығармайды, ол еңбектенгенде одан лэззат алу үшін жұмыс істейді. Сөйтіп,
еңбек адамньщ өзін-өзі дамытуының құралына айналады. Ал табиғатқа, өндіріс-
ке, басқа адамдарға басқаша - табиғат пен өндіріс заңына сәйкес «адам сияқты»
қарайтын болады. Осының арқасында адамның ішкі табиғаты да өзгереді, оның ең
жақсы жақтары мен қабілеттері дамиды. Бұл идеяларды кезінде социал-утопистер
де айтқан болатын. Бірақ Маркс олардың «әлеуметтік теңдік» ілімін сынға алып,
әлеуметтік тендікті лэззат алу деп түсіну қате пікір екендігін айта келіп, жеке мен-
шікті жою автоматты (жедел) түрде әлеуметтік теңдікке жеткізбейді, оның кейбір
сарқыншақтары ұзақ уақыт бойына сақталады, оған тек коммунизм тұсында ғана
жетуге болады деп тұжырымдайды.
Егер Маркске дейінгі ойшылдар адамды табиғаттың бір бөлшегі жэне бағы-
нышты бөлшегі ретінде қарастырса, ол адамды қоғамдық қатынастардың жиын-
тығы деп қарайды. Адам жай ғана табиғатта тұрмайды, оны қайта жасап, өзгер-
теді. Осыған байланысты Гегель, Фейербах, т.б. еңбек, практикалық іс-эрекет
аластатушылықтың қайнар көзі деп есептеп, адамның мэні ретінде оның мәде-
ниет, рухани саласындағы шығармашылық еңбектерін дэріптесе, марксизм бұл
проблеманы басқаша қалыптастырады. Табиғат, адамдардың өзін өзгерту тек ең-
бекке (мейлі аластатылған еңбек болсын, бэрібір) байланысты. Еңбек - практика
ретінде адам табиғатының ең терең негізі жэне сипаттамасы. Демек, практика
— барлық рухани құбылыстарға қарағанда алғашқы бастама. Практика қоғамдық
сипатта болады. Басқаша айтқанда, ол адамдардың өзара қатынасынан, байланы-
сынан тыс болмайды.
Олай болса, бір жағынан, практикалық іс-әрекеттің арқасында қалыптасқан
қогамдық болмыс қоғамдық сананы жетелесе, екінші жағынан, қоғамдық сана
Қоғамдық болмысқа керісінше эсер етеді.
Өндірістің дамуына эсер ететін маңызды факторлар қогамның, адамның
қажеттері мен мүдделері болып табылады. Қажетсінудің өзі өндірістің дамуынан
туындайды. Бір қажетті қанағаттандыру екіншілерін туғызады, екіншісі үшінші-
сін, сөйтіп, кете береді, ал мұның өзі өндірістің дамуына экеледі. Адам қажетгс-
рінің өндіріске қатынасы өндіргіш күштер арқылы емес, өндірістік қатынастар
арқылы жүзеге асады.
Маркс осы ойын эрі қарай жалғастыра отырып, өндіргіш күштер мен өнді-
рістік қатынастар арасындағы байланыс заңдылығына тоқталады. Егер өндіріс-
тік қатынастар өздеріне сай келетін өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасаса,
қоғам жеделдетіп ілгері дамиды, ал керісінше, өндіргіш күштердің дамуына ке-
дергі болса, онда қоғамның дамуы бэсецдейді. Сөйтіп, өндіргіш күштер өндіріс-
тік қатынастармен қайшылыққа түседі де, өздеріне сай келетін жаңа өндірістік
210
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |