Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет179/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 0 7


2 0 8
Ф илософия тарихы
процестер өрістеуінің жүйелілігін, бір-бірінен белек екенін, олардың ұзақты- 
ғьтн жэне дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның өмір сүру тәсілі — қозғалыс. 
Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыс 
болмайды. Марксизм қозғалыстың бес түрін атайды: механикалық, физикалық, 
химиялық, биологиялық және әлеуметтік. Қозғалыстың бул түрлсрі бір-бірімен 
тығыз байланысты. Қозғалыстың жоғары түрлері салыстырмалы алғандағы тө- 
менгі түрлерінің негізінде пайда болғанмен де, қалыптасқаннан кейін оларды 
өзіне қамтиды. Қозғалысқа өзгеру, орын ауыстыру, даму жатады. Сана жоғары 
дәрежеде ұйымдасқан материяның — мидың қасиеті. Оның мэні объективті нақты- 
лықты бейнелеуінде. Демек, сананың мазмұны қоршаған материалдық денелер- 
дің сипатымен анықталады. Материалдық денелер қозғалыстың, өзара әрекеттің 
негізінде диалектикалық даму үстінде, бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесу- 
де, өзгерісте болып тұрады. Марксизм құбылыстардың ішкі байланысы мен өзара 
шарттастығын заңдылық деп түсінеді. Заңдылық - жалпыға ортақ әмбебап құбы- 
лыс. Оларды танып-білудің арқасында біз ұғымдарда алуан түрлі күрделі әлемдік 
заттар байланысын бірлікте, тұтастықта бейнелейміз.
Марксистер өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын тарихты материалистік 
тұрғыдан түсіндірудің негізі етіп алды.
Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты ең- 
бегінде артынан жалпы марксизмнің өзекті ілімінің бірі болған — адамның жеке 
меншік үстемдік еткен қоғамдарда өз еңбегінен аластатылуы (шеттетілуі), ал оны 
коммунистік болашақта жоюға болатындығы туралы идеясын ұсынды. Аластату 
идеясы бұрын Гегельде таза рухани акт, Фейербахта діннің адамды нақтылы 
өмірден аластатуы ретінде қарастырылса, Маркс бұл аластатушылықты екін- 
ші қатардағы құбылыстар, ал шын мәніндегі аластатушылық ол экономикалық 
аластатушылық немесе аластатылған еңбек деп тұжырымдады. Аластатылған 
еңбекті Маркс терт қырынан қарастырады. Біріншісі жұмысшылар өндірістік 
процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи 
материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқы- 
сы еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің би- 
лігінде болады. Сөйтіп, олар жұмысшыны өзіне бағындырады. Екіншісі еңбек 
процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі 
болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мэжбүр болады. Ондай еңбектен ол 
ешқандай лэззат алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің, 
еңбектен бос уақыттағы жануарлардікі сияқты, мақсат-мүдделерін қамтамасыз 
етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі - еңбектену, одан 
ләззат алу қасіретке айналады. Үшіншісі еріксіз еңбек жұмысшылардан оның 
эулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде, адам әулетінің өмірін жалғасты- 
рушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс жұмысшы үшін жалпы адам әуле- 
тінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың қүралына айналады. Осы себептен 
ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті қүбылыстар ретіне қарайды. Демек, 
бұл - олардан «әулетгік өмірдің», адамдық мэнінің аластатылғандығы. Төртін- 
шісі еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. 
Бір жағынан, жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге туе­
се, екінші жағынан, олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет