157 ТүрЮ
•плді ислам философиясы целдікке жеткен жан туралы: «Олар өздерін мұхиттың бірегей толқыны сияқ-
jjj сезінеді, ал көптүрлілікті су бетіндегі желмен теңістіреді», - дейді. Уақыт
кеністігі мен материя «бөлшектерімен» көрінетін трансценденттік болмыс секілді
уакытпен байланысы жоқ адами рух эртүрлі заттар мен жағдайлардың көп түрлі-
дігін жасап, бөліну мен ұзақтылықтың уақыт пен кеңістік категориясының елесін
жасайды. Адам санасы болмыстың «ультра-рациональды» өлшемін түсіне алады.
gipaK мұндай тәжірибе адам танымын кеңейте ала ма? Негізінде, адам санасы бі-
лімді алып, метафизикалық элемнің сұлулығын бақылап рақатқа бөленеді жэне
материалды Ғаламды Құдайдың керемет, таңғаларлық өнері ретінде тамашалай
алады.
Ар-Румидің метафизикалық жүйесінде махаббат маңызды рөл атқарады.
Қасиетті Құранда да махаббат негізгі орындардың бірін алады, бірінші беттен:
«Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тэн» (1:2), «Аса қамқор, ерекше мейі-
рімді» (1:3), «Қиямет күнінің иесі» (1:4) деген жолдарды көреміз. Яғни құдайлық
махаббат ретінде көрінетін қамқорлық пен мейірімділік, абсолюттік шындыққа
Караганда онтологиялық тұрғыдан құдайлық заң мен эділдікке сай негізделген.
Құдайға құлшылық ету - махаббаттың иесіне бағытталған іс-эрекет. Қамқор
бола отырып, Ол өз жаратқандарына деген махаббат арқасында әлемді жаратты.
Иесі бола отырып, Ол өз қүлдарына деген махаббатпен болмысты сақтап тұр;
Мейірімді бола отырып, ол өз жаратуларына деген махаббат арқылы кешірімді.
Құранның басқа жерінде: «Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған» (6:54) де-
лінген. Осы мейірімділік барльщзаттарды қамтиды: «Рахметім эр нәрсені сыйдыр-
ды» (7:156). Сондықтан ислам философтары махаббат туралы көп сөз қозғаған.
Құдайдың ғаламдық, барлығын қамтитьш күш секілді платондық махаббат -
Ероса концепциясы ислам философиясы мен сопылық ойлардан көрінді.
Руми үшін Құдайдың махаббаты жандарды бір-біріне тартатын тылсым күш:
Ғаламдағы барлық атомдар ғашықтар секілді .бір-біріне тартьшады, эрқайсы-
сы басқа біреуге махаббаттың «магниттік» тартылысымен жақындай бастайды.
Аспан денелері жылы құшақпен Жерді өздеріне тартады, жердің ғаламдық тарты-
лыс күші арқылы кеңістікте шам секілді ілініп тұр. Жан-жақтан теңестірілген,
тартатын күшпен Жер үімып немесе томен түсіп кетпейді. Аспан сарайы магнит-
тен жасалған, ішінде ешқандай жіпсіз темір жұлдыз ілініп тұрған үй». Құдайға ■
деген махаббат эволюциялық «қарқьшда» бір-біріне қарсы қозғалатын атомдар
мен элементтер жағдайы да осындай. Сондықтан заттар ылғи өзгеріс пен әртүр-
лі формаларға мезетпен өзгеру үстінде. Материя негізі - Құдай, оның қозғалу
мақсатында да Қүдай бар. Құдайга жақьшдау үдерісі арқылы біз сағат сайын
заітардан кемелділіктің барлық жаңа көріністерін тамашалаймыз.
Ар-Руми адамның қандай да бір әлеуметтік тобы мен мэдениеттің түріне
жатпайтын галамдық, эмбебап діни түсінік пен жарқьгвдаған жұлдыздар, агып
жатқан өзендер мен өсімдіктердің барлығының діні бірегей екеніне көз жеткізе-
ді. Бүл дінді ішкі сезімі, сенімі мен іс-эрекеті галамдьщ махаббатқа сай келетін
адамдар қабылдай алады. Шынайы дінді түсінуге болмайтын соқыр сезім емес,
мұны қабылдау керек. Сенім - қарапайым жэне төменгі заттарды күрделі мен
жоғарғы деңгейге өзгерте алатын күш жэне секунд сайын сезінетін, басынан ке-
шіретін, қабылданатын шындық.