Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлык, философу



Pdf көрінісі
бет136/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

158
III тарау. Ортагасырлык, философу
Нанның жансыз, ештеңе білмсйтін атомы біздің организмімізге түсуі - ақьц 
мен өмірдің көрінісі, өз мэнісін түбегейлі өзгерте отырып, жаңа субстанцияға 
айналу: «Егер махаббат болмаса, тіршілік қайдан пайда болушы еді? Нан 
қалай 
пісіп, сенің ішіңе түсер еді? Нан сенің болмысыңа қалай айналды?! Мұньің 
барлығына себепкер - махаббат. Нанның рухқа айнала алатын басқа жолы бар 
ма? Махаббат нанды өлі рухқа айналдырады, ал шірігендердің жанын мәңгілікке 
аттандырады». Сонымен, өмір махаббаттан құрылса, өмір барлығын өзіне бағьщ- 
дыра алатын куатты ассимилирлік күш болады.
Махаббат - Ғаламдағы басты күш; ақыл мен заң екінші орында тұрған құ. 
былыстар. Махаббат заггарды жаратады, олар өздерінің жетілу бағдарламасын 
орындауы керек. Материалдық көптіктің негізінде субстанциялық бірлікті тү- 
сінудегі болмыстың ұқсастығы мен ерекшелігі, заңдарының болуы арқасында 
махаббат өнімі жетіледі, ал ақыл бұған кейіннен араласады.
Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады, алдымен, грамматика емес, тіл 
жаратьшған; гүлдер де ботаника мен эстетика заңы не белгілі саналы жоспармен 
емес, Құдайға тартылыс күшіндей махаббат заңымен өседі (Құдайға тартылуы 
нэтижесінде эстетика кейінірек дамыған). Яғни рационалды ойлау құдайлық 
жаратылыс артынан жүреді, бірақ мұның креативті күші жоқ болғандықган, 
Оның алдын кеспейді. Махаббат бар Ғаламды жарататын күш секілді жэне оның 
эмбебап діні ешбір философия, догматизм, идеологияға жатпайды. Ар-Руми 
бойынша, «ғаламдық Махаббат» пен «ғаламдық Ақыл» арасында ешқандай 
қарама-қайшылық жоқ. Жеке қүбылысты барлық болмысымен үқсата отырып, же- 
ке бөлікті бүтіндей көретін, өз-өзіне шектеу қоятын адам зердесінде бұл қарама- 
қайшылықтар бар секілді. «Ғаламдық Ақылмен» байланысы жоқ Адами зерде (ар- 
Руми терминологиясында: «жекеленген ақьш» немесе «а’кль әл-джузи’») болмыс- 
тың биологиялық пен пайдакүнемдік деңгейінен жоғары көтере алмайды.
«Ғаламдық Махаббаттың» ұлы интуитивті ақылының әрекетін сипаттау 
үшін интеллектуалды үдерістің «сыртқы пішімі» болып табылатын тілдін, потен- 
циалды сөздік қоры жетпейді. Ар-Руми өз заманындағы гуманитарлық пен нақты 
ғылымдарды меңгерген, Коньедегі медресесінен қашық емес обсерваторияда көп 
уақытын өткізіп, астрономиямен қызыққан жоғары білімді адам болғандықтан, 
ғылымға қарсы болмады. Өзінің айтуы бойынша: «Мен көп оқыдым, еңбектене 
отырып, ғылымды таныдым». Ақынның: «Сүлеймен меншігінің белгісі - ғылым, 
олемнің тэні мен жаны - ғылым», - деген атақты сөзі бар.
Ар-Румидің ойлары Жаратушының Ерекшелігі мен Есімдерінің барлығынан 
көрінетін, адамдарды жіктемейтін, кешірімді, торықпайтын махаббат арқасында 
жалпы адами, баянсыз құндылыққа жеггі. Адамдарды сол қалпында жақсы көру 
Оның ең басты үраны болған:
Кел, кел, кім болсаң да, бәрібір кел,
Дінге сенбейтін, отқа табынушы, пұгқа табынушы болсаң да 
- бәрібір келе бер!

Біздің тұрақ үміт үзетін орын емес,
Тәубеңці жүз рет бұзсаң да (күнэңді қайта жасасаң)
Бэрібір келе бер...


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет