Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Түркі тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет139/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Түркі тілді ислам философиясы

I
кетеді. Жетінші Аспан төбесі биіктікте орналасқан. Айналып түрған адамның 
баспалдағы бүған жетіл, тіпті асып кетуі мүмкін».
Кейбір ғалымдар қателесіп, ар-Румиді пантеизм жақтаушысы деп есепте- 
ген. Негізінде, «хұлұл» («инкарнация») жэне «и’ттихад» («бірігу») түсініктерін 
шатастырмау керек. Біріншісі - Құдай болмысы материалдық заттардан не адам 
ішінен көрінуі. Екіншісі - адамдық «Мен» жарқын жзне бэрін қамтитын құдайлық 
«Мен» бар екенін сезініп, құдайлық негізден тэуелсіз, трансцендентпен байланыс- 
ты сезіну. Ислам бойынша адам «Ол» «бола алмайды», бірақ күресіп, рухани ке- 
мелдену арқылы Одан «алшақтамау» жағдайына жетеді. Худавендигяр (Румидің 
«Құдай сыйы» атауы) бойынша, «Мен өзімді қалай жоғалтып алғанымды білмей- 
мін; мүмкін бұған құдайлық махаббат кінэлі шығар? Осы ғажайып эсерінен мен 
қазір қайдамын? Мен осы жағдайға жеткендікген, бұл өмірде қала алмаймын. 
Мен енді еш жерден жайлылық таба алмаймын, оны тек орны жоқ Жалғыз Ғашы- 
ғыңнан табуға болады. Сен маған: «Сен неғып өзіңе келмейсің? Сен бірінші маған 
өзімді көрсетші, сонан соң мен өз-өзіме келем. О, Құдай, сен Муса (ғ.с.) шақырған 
сол* жарықсың ғой: «Мен Құдаймын! Мен Құдаймын». Басқа өлеңінде: «Біздің 
өмірімізді ұстап тұрған, Құдайдың арқасында тіріміз. Біз Онымен таныспыз эрі 
жақынбыз, бір жағынан, біз Оны білмейміз, алыспыз. Егер біз шынайы түріміз- 
ді көрсетсек, айдьщ өзі онымен салыстырса, ол оның қасынан (адамның рухы 
осындай керемет екен) қарап, көрініп тұрғаны үшін өзін аяр еді. Біздің қанаты- 
мыз болса, Күннің өзін күйдіріп жіберер едік. Адам болып табылатын денеміз, 
физикалық болмысымыз - шынайы болмысты жасырып тұрған перде. Шынды- 
ғында, біз - барлығы намазда басын иетін Қубыламыз. Балшықтан жасалған Адам 
атаға қарама, оған жан берген Құдайға тамсан. Шайтан Адам атаның ішкі емес, 
сыртқы дүниесіне қарап Жаратушыдан бөлекпіз деп есептеген», - деген.
Ар-Руми өз жанының кұпиясын білгеннен кейін басқа адамдардан да осы- 
ны байқай бастады. Құдайды сүю, басқа адамдарды жақсы көруге алып келді. 
ар-Руми Шамске деген махаббаты, адамзаттың биік шындығы секілді екенін бір 
өлеңінде көрсетеді: «Тебриздік Шамс - ол сылтау. Біз, сұлулылығы мақталған жэ­
не абыройы жоғары қойылған, бір нәрсе екенбіз».
Адам «ішіндегі» Қудай бірегей жэне барлығының ішінде адамдық мэн жатыр, 
сондықтан адамдар ішіндегі құдайлық «Менді» таныса, бір-біріне деген сүйіспен- <
йіілік артады: «Кез бен құлақты пайдаланбай, жан арқылы бір-бірімен тіл табы- 
суға болар еді. Бақтағы раушан секілді тіспен ерінді қолданбай, күліп көрейік- 
ші. Ой секілді, ерін мен ауызды қолданбай, сөйлесіп көрейікші. Біздің аузымыз 
жабық болып, осы әлемнің құпиясы туралы сөйлесейік. Құдайдың бар екенін се- 
зініп, «эл-А’кл эл-‘Аууал» деңгейінде сөйлейік. Ешкім өз-өзімен қатты дауыстап 
сөйлеспейді. Егер біз бір болсақ, ауыз бен ерінді қолданбай, бір-бірімізбен жүрек- 
пен сөйлесейік. Өз қольща, «¥ста!» - деп айта аласың ба? Бұл сенің қольщ ба? 
Егер қолымыз бір болса, осы туралы сөйлесейік. Жүректің жағдайьш аяқ пен қол 
біледі. Тілімізбен айтылған сөзді тастап, жүрекпен сөйлесейік».
Мүның барлығы - ар-Румидің, адамға Құдайға сенудің жолдарьш көрсеткен 
жэне кэпірлік, эгоизм, зұлымдық идолдарьш бұзған Мухаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) 
деген махаббаты. Ар-Румиді исламды дэстүрлі танудан бөлектеніп, Құдайды жаңа 
жолмен тануда басқа бағыт ашты деп кейбір ғалымдар қателеседі. Ар-Руми жан


162
III тарау. О ртағасы рльщ философия
тәнімен Алланың елшісін қатты жақсы көрген, пайғамбардың барлық «үмбетіне» 
жазып кеткен барлық «парыз» бен «сүндетті» орындаған, ол өзін «пайғамбардың 
(с.ғ.с.) аяғы басқан жерде» өмір сүрем деп есептеген: «Мен - қанша өмір сүрсем 
де Қүран құлымын. Мен Мұхаммедтің аяғы басқан жермін».
Ар-Руми сол кездегі сопылық орденінің «Фиқһ» білімі мен «Сопылық» ше- 
берлікті біріктіре алатын шын сопылардың аз екеніне қарсы болған. Кейде сопы- 
лық орын жалқаулық пен күнә жасаудың орны дейді: «Киелі сопылар арқасында 
мына оқушылар жүздеген ғылымнан бас тартып, толықтай жетілмеген, абырой- 
ды, этиканы, адамгершілікті жоғалтып алды. Олар өтірікшілерге, екіжүзділерге, 
мақтаншақтарға, көз бояушыларға айналды. Бұлардың жағдайы осындай. Олар 
күнэнің барлық түрлерін себепсіз дұрыс деп есептейді. Осьшардың бұрыс әрекеті 
күнә деп есептелінбей, күнэ жасауға рұқсат бергендей кеңінен жайыла бастады. 
Біздің пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен серіктестерінің (р.а.а.) жолы қайда? Олардың 
тәспісі қайда? «Әулиеге» («’аулия») (Құдайға жақын адамдар) лайық адамгерші- 
лік қайда?».
Ар-Румидің «тариқат» жасалуына қарсы болу себебі: сенушілердің бірлігін 
бұзып, Мұхаммедпен (с.ғ.с.) экелінген шариғат жолынан тайдыруы мүмкін деген 
қорқыныш болды. Оның атақты өлеңдер жинағының рухы жөнінде: «Біздің «Мәс- 
нәуи» бірлік сатылатын дүкен (авторлық ескерту: мұсылмандық қоғам)».
Ар-Руми дүниетанымының маңызды сопылық өлшемі - өзін-өзі сынау. 
Құдайдың барлық жаратылысынан жоғары тұратын, құдайлық бастауы бар адам 
кумарлығын баса алмай, азғындыққа оңай түседі: «Сен өзіңнің адасуыңды көр- 
мей, босқа шайтанға лағынет айтасың». Ар-Руми бойынша, егер адам шайтанның 
азғыруына тоқтай алмаса, шайтан кінэлі емес, адамның өзі кінэлі, себебі адам 
құдайлық рух бар және Құдаймен табыса алады. Сонымен қоса Құдай Жарату- 
шыны тануды шайтанға емес, адамға жүктеген. Өзін-өзі сынау - адамға зиянын 
тигізетін, жаратьшыстьщ онтологиялық құдайлығы мен болмыстың бірлігіне 
сенетін нағыз қорытынды. Яғни сопылар кемелдікке жету үшін өмірдің барлық 
сынақтарына төзімділік танытып, адам әрдайым күнэлардың жуылуьгаа сенуі 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет