Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 4 V III тарау. Крзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет235/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 6 4
V III тарау. Крзак, философиясы
Осындай жалпы қазақ философиясына тән ортақ дэстүрлермен қатар, оның 
өзінің ішкі бағыттары орын тепті. 1960-1980 жылдардағы қазақ философия- 
сындағы жаңадан қалыптасқан зерггеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәде- 
ниетімізді жан-жақты терең түсінуімізгс қажетті жағдай жасады.
Осы ретте қазақ философиясы тарихында жиі кездесетін әлеуметтік утопизм 
туралы да айтпасақ болмайды. Жалпы, олеуметтік утопизм дегеніміз - бұл же- 
ке жэне қоғамдық сананың сыңаржақ ойлау тэсілдері мен образ-концепция қу- 
руы арқылы жаңа түрдегі әлеуметгік ілім жасауға ұмтылуы. Ақын-жырау, билер 
мен көсемдер, ағартушылар мен философтардыц көпшілігіне тән бұл құбылыс- 
тың негізгі гносеологиялық айшығы — саналылық пен санасыздық, эмоция мен 
таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен қалыптасқан білім дәрежесінің 
шекараларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деп ойлаймыз. 
Оған қоса, утопизмге тән тағы бір айшық — ойлау дәрежесінің төменгі сатыда 
ғана ажыратылуы (дифференциялануы). Осыдан барып эрбір жеке ^утопист-ой- 
шылдарға тэн мынадай идея туса керек: ойлау жүиесі - жеке-дара ойшьщдың өз 
қабілетімен жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
Әрбір ойшылдың элеуметтік шындыққа дұрыс немесе бұрыс қатынасы 
оның өзі қабылданған философиялық, теориялық-эдістемелік принциптеріне 
байланысты. Ондай құбылыстар элемдік философия тарихында да кездеседі. Мэ- 
селен, Гегельдің «Шындықпен табысу керек» деген идеясы дүрыс қатынасты, ал 
Сократтың «майевкасы» бұрыс қатынасты белгілейді.
Мэселен, XX ғасырдың басындағы қазақ үлт-азаттық қозғалысының көрнек- 
ті қайреткерлері А. Байтүрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, 
М. Шоқай жэне басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде куш- 
пен емес, ұлттық сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп айтқан 
ойларын біздер жақсы білеміз. Жалпы, ұлттық философиямыздың негізгі өзегі 
де күш көрсетпеу идеясы болып табылады. Бул құбылыс төл философиямыздың 
қалыптасу барысында өзіндік орнын ерекше алып келді. Бұл жерде біздің бар ұлт- 
тык болмысымыздың, философиялық ойлау жүйеміздің ерекшелігі де, құндылы-
ғы да осында болса керек. 

. .
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың қурамдас бөлігі 
ретінде осыдан екі жарым мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек фило- 
софиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қалдырған скифтік Анахарсис- 
ті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді. 
«Анахарсис - аты аңызға айналған скиф. Грекияға саяхат жасаганда Солонмен 
кездесіп, соның ықпалында болып, данышпандығымен атағы шыққан63.
Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихында арналған кітабында 
Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грекияға келіп, император 
Солонмен кездескені, өмір тарихы және фиолософиялық нақылдары туралы мә- 
ліметтер келтірілген64.
Біздің жьш санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған 
атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиетгері деп, ел билеудің жолдарьш аи- 
тып отырады екен. «Ең ғақылды адам - ел билеуден аулақ адам», - депті.
« Лаэртский Д. Атақгы философтардын, өмірлері, ілімдері жэнс нақыл сөздері туралы. - М., 1979. - 95, 96-6.
64 Платон. Шығармапар. - 1 9 7 1 . - 3-т. - 642-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет