Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. Крза& философиясы



Pdf көрінісі
бет237/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

V III тарау. Крза& философиясы
Ол, сондай-ақ Анахарсистің ата тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де 
айтып өтеді.
Анахарсистің эскери өнердің қыр-сырын жетік білгеңдігі жөнінде әйгілі фи­
лософ Диогеннің: «Скиф Анахарсис Гнурдың ұлы жэне патшасы Кадпурдың 
бауыры еді, оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скиф- 
тер мен эллиндіктердің дэстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды жэне 
әскери айла-тэсіл жөнінде сегіз жүз жол өлең шығарды. Ерекше шешендігімен 
көзге түсті. «Скифтік сөйлеу мэнері» деген мэтел оның осы қасиетіне байланысты 
қалыптасқан»66, - деп айтқаны дәлел бола алады.
Көптеген жазбаларда сақ-скиф философы Анахарсисті көне дүниенің «жеті 
ғұламасымен» байланысты сөз етеді. Сол авторлар жеті ғұламаға Фалес, Солон, 
Периандр, Клеобуп, Хилон, Биант және Питтактиді жатқызады.
Анахарсис туралы пікір айткан философтар біршама солардың арасында 
Секст Эмперик Анахарсисті «жеті ғұламаның» бірі деп санайды.
Платон өзінің «Мемлекет» атты еңбегінің 10-.кітабында Анахарсис пен Со- 
лонның достығы, данышпандығы туралы айтып, Геродотқа сілтеме жасайды67.
Диоген Лаэртскийдің баяндауынша да, Солон мен Анахарсис дос болып өтті. 
Ол осы жөнінде ел аузында сақталған аңыз-эңгімені келтіреді.
«Қиырдағы скиф қаласынан ілім іздеп, өзімнің ақыл-зердемді сынатып қайту 
үтпін Солонга келіп тұрмын. Көңілі қаласа, дос етемін, пейілі түссе, қонағы 
боламын», - деп Солонның қызметшісінен сәлем айтады. Сонда Солон: «Есі бар 
ел досты өз елінің ішінен іздейді. Жат жарылқамас болар», - депті Анахарсистің 
киім киісі, түр-әлпетінен, сөйлеу мэнерінен жат жұрттық екенін біліп. Сонда скиф 
философы мүдірместен: «Солон дана дәл қазір ошағының басында - Отанында 
отыр. Ендеше өз елінің төрінде отырып достан қашқаны несі? Бұл мүмкіндікті 
жібермесін. Досына дос қосудың реті қайтып келмейді», - депті. Ұтымды ай- 
тылған сөзінің ойлы астарына разы болған Солон дананың өзі далаға шы- 
ғып, Анахарсисті қүгііақ жая қарсы алыпты. Міне, осыдан бастап Эллада елінің 
гұламасы Солон мен дала данышпаны Анахарсистің достығы қашан көз жұмғанша 
үзілмепті68.
Анахарсисті өзіне тең санаған Солон атақты афиналық заңгер ақын жэне сол 
кездегі мемлекеттік басқару жүйесіне ірі-ірі өзгерістер енгізген реформатор, үлы 
ғұлама, «жеті данышпанның» бірі еді. Сөз жоқ, Анахарсистің заң, поэзия, филосо­
фия саласы бойынша ой зердесінің биік дәрежеге көтерілуіне Солонньщ ұстаздық 
эсері өте үлкен болды. Сондай-ақ Анахарсистің шешендік өнері, ойлау жүйесі, 
поэзиялық тілі өз маңайындағы ғұламалардың да ғылыми еңбектеріне өз әсерін 
тигізбей қоймады.
Мәселен, Аристотель «Аналитика» атты шығармасының 2-кітабында нақты 
заттың бар екендігін дэлелдегенде, Анахарсистің айтқан тұжырымына жү- 
гінеді. Сондай-ақ «Никомахтың этикасы» еңбегінде: «Адам игі істер атқару 
мақсатында көңіл көтеру дұрыс, себебі көңіл көтеру - демалыс, ал үнемі үздік- 
сіз жұмыс атқаратын адамдарға демалыс өте қажет», - деп Анахарсис айтқан пі-
“ Геродот. Тарих. - М . , 1972. - 198-6.
67 Лаэртский Д. Атақгы ф илософ тардың өмірлері, ілімдері жэне нақыл сөздері туралы. - М., 1978. - 101-6.
68 Платон. Шығармалары. - М., 1971. - 3-том. - 642-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет