Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 8 V III тарау. К рзаң философиясы



Pdf көрінісі
бет239/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 6 8
V III тарау. К рзаң философиясы
бул, Периандр жэне Анахарсис қатысады. Әңгіме Амасис патшаға кеңес ретінде 
өрбиді. Солон:
- Мен патшалар мен тирандар өзінің қолындағы билікті халықтың еркімен 
санаса отырып асырғанда ғана дандайсымайды деп есептеймін, - дейді.
Биант:
- Жэне заңға тәуелді екенін мойындағанда ғана, - деп оны қостайды.
Ал Фалес:
- Жасы жетіп, өз ажалымен өлсе, эміршінің бақыты дегеніміз сол, - дейді.
Анахарсис:
- Көптің ішіндегі көсем көп болса, ол да бақыт, - десе, Клеобул:
- Жақсының айтқанына сенетін аңғалдық та патшаға жараспайды, - депті.
Ал Питтак:
- Қарамағындағылар оның өзінен емес, сол адамның тағдыры' үшін қо- 
рыққанда ғана патша мақсатына жетеді, - дегенде Хилон:
- Әміршінің міндеті — пендешілікте емес, мэңгілік өлмейтін мақсат туралы 
ойлау, - депті.
Периандр:
- Мен бір-ақ сөз қосамын: айтылғанның барлығы да түйсігі бар адамды 
тақтан бас тартқызады, - деп бұл такырыпта қорытынды жасайды71.
Плутархтың пікірінше, Милет мектебінің негізін салушы, гректің бірінші фи­
лософы Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болғанын ескерсек, скиф- 
тік Анахарсистің коне заман философиясы тарихында, мәдениетінде еңбегі өте 
зор болғандығына анық көз жетеді.
Ол Солон өлгеннен кейін, өз туған еліне - Скифияға қайта оралып, өзі- 
нің алған білімін, тәлім-тәрбиесін, заң ережелерін өз елінде қолдануға әрекет 
жасайды. Анахарсис елде жаңа құрылыс орнатпақ болып, заң жүйелерін өзгер- 
туге ұмтылған. Геродоттың түсіндіруі бойынша, басқа халықтар сияқты скифтер 
де өзге елдің салт-дәстүріне, оның ішінде, эсіресе элладалықтардың ғурпына сес- 
кене қараған. Сондықган да Анахарсистің реформаторлық идеясы, озық ойы іске 
аспай, туысы Саблийдің қанды жебесінен қазаға ұшырады. Соңғы демі үзілерде 
ол: «Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме келіп, мен қызғаныштың 
құрбаны болдым», - депті (Плутарх).
Грекияда Анахарсиске қойылған мүсін бар. Онда «Басқа пәле - тілден» деген 
қанаггы сөзі қашалып жазылған.
Түйіндеп айтарымыз, ұлы бабамыздың кезінде гректщ атақты «жеті 
ғұламасының» тобына кіргенін ескерсек, оның философиялық ойларының терең 
де салиқалығын, аумақтылығын зерттеу болашақтьщ ісі екендігіне көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет