Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


А V III тарау. Крзак философиясы



Pdf көрінісі
бет247/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

А
V III тарау. Крзак философиясы
Сондықтан да жырау:
«Ел бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз 
бастаудан қиынды көргенім жоқ», - деген екен.
Бірде Абылай: «Қазына қайда?» - деп сұрағанда, жырау: «Басы жеткен жігіттің 
екі езуі қазына: бір езуі - алтын, бір езуі - күміс, азуы - қазына» депті. Бұқардың 
өзі осы қязыняны - сөз өнерін жеріне жете меңгерген еді. «Өз заманындағы жан- 
дар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен, - деп жазады Мэшһүр Жүсіп. - Қара сөз 
білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен».
«Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жол шамасында. Бұл, 
сөз жоқ, жырау туғызған көл-көсір жырлардың бір бөлігі ғана. «Бұл кісінің сөзін 
түгел жазамын деушіге Нүхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Афлотонның ақылы ке- 
рек», - деген еді Мәшһүр82.
Шоқан Уәлиханов өзінің «XVIII ғасыр батырлары жайында тарихи әңгімелер» 
деген мақаласында Бұқарға қатысты біраз мәліметтер береді. Соның бірі -
жыраудың Абылай алдында айтылған екі өлеңі. Шоқан бұл өлеңдердің жолма- 
жол орысша тәржімесін жасайды. Бұл Бұқардың орыс оқырманы алдына тұңғыш 
шығуы еді. Аталмыш жырлардың түпнұсқалары казір біздің қолымызда жоқ83.
Сол сиякгы Г. Потаниннің жазғандарынан белгілі «Төртуылдың төрт 
үлы тауды жайлай» деп басталатын өлең де ұмытылған. Бүл, әрине, жекеле- 
ген мысалдар ғана. «Алайда Бұқар шығармаларының сақталып, ұрпақ алдына 
тартылған бөлігінің өзі - жыраудың әдебиет тарихынан құрметті орын алуы үшін 
әбден жеткілікті қомақты мұра»84.
Кезінде Шоқан Бұқардың «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны» деп атала- 
тын өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, кітабында келтірген85. Енді біраз өлеңдерін 
Г. Потанин жыраудың өз елінен Имантай Сэтбаевқа жинатьш алады. Бұқар 
шығармаларының түпнұсқасы ретінде Мэшһүр Жүсіп қолжазбалары алынуға 
тиіс. Абай үшін Мүрсейіт көшірмелерінің қаншалық мэні болса, Бұқар үшін 
Мәшһүр көшірмелерінің маңызы да соншалық. Мэшһүрде Бұқар жырлары екі 
д я и я
етіл көшірілген (Әдебиет институтының қолжазбалары, п. 1170, 1177). Бүл 
екі нұсқаның қүндылығы бірдей дерлік86. Енді біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей, 
Шоқан кітабында келтірілген Бұқар жыраудың Абылай қайтыс болғандағы 
өлендерінен үзінді келтірейік. Абылай ажал жастығына бас қойғанда:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан жаным-ай,
Қайырусыз жылқы бақгырған ханым-ай.
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай,
Үш жузден үш кісі құрбан қылсам,
Совда қалар ма екен қайран жаның-ай, -
деп зар айтқан Бұқар әміршісі дүниеден кеткен соң оның басында отырып жас 
төгеді, шын көңілімен жоқгайды. Жырау осы ретпен Абылайдың тіршілігінде
82Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 77-78-6.
83 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 82-6.
84 Сонда. - 83-6.
85 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 82-6.
86 Сонда. - 83-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет