Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Ацын-жыраулар философиясы



Pdf көрінісі
бет246/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Ацын-жыраулар философиясы
275
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық - төрт түлікте. Мадцың 
еті, сүті - тамақ; жүні, терісі - киім; мал қазаққа көшсе, көлігі, мінсе, жүйрігі, яғни 
малсыз тірлік жоқ. Ол «алғайдың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе 
көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы» жаралы Құдай ыңыратып
жарылған мұздай күңірентіп күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, 
елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа басқанын қалайды.
Қазақтар үшін мал асылы - жылқы екенін бэріміз де білеміз. Сондықтан да 
жылқының көшпенділер өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай 
толғаған қазақ ақыны жоқ шығар.
Ақгамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің то- 
пырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты 
орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсек- 
те жатып тек өлгендігіне» өкінеді80.
Қазақ тарихындағы келесі алып тұлғалардың бірі - Бұқар жырау. Бұқар 
жырау Қалқаманүлы шамамен 1668 жылы дүниеге келді.
«Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуіріндегі көпте- 
ген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан қазақтың 
ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты, Бұқар өмірі хақында да біздің білері- 
міз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. 
Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет жыраудың Абылайдан бұрын туып, соң өл- 
гендігі»81.
Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тэуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды 
билердің бірі болғандығын білеміз. Алайда Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілер- 
мен тіл табыса алмағандығы аңғарылады.
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мэшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда жэне 
өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың тіпті сауып ішер малы, мініп- 
түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн 
кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезегінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы 
аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп қабырғалы биге, өз заманының 
ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында 
қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде. Мэшһүр Жүсіптің 
айтуынша, Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның ал­
дында жыр толғаған. Сонда Абылай ханға айтқан екен: «Сенен бұрын жеті ханды 
жебеледім. Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жоіідас болдым. Сен оның түстігіне де 
жарамайсың». Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса, Бұқар жырауды алдырып, 
жүлдызым оң ба деп, Айдың, Күннің сәтін сүрайды екен. «Сары бура келіп, сенің 
туыңның түбінде түрып пәлен жаққа қарай шабынды десе, сол айтқан жағына 
бет алып, аттанса шауып, жаншып алып келеді екен. Жоқ Сары бура келгеннен 
туыңның түбінде шөгіп, мойнын жерге жабыстырып, жатып алды десе, аттанбай- 
ды екен», - деп Мәшһүр Жүсіп Бұқар жырауды әрі жырау, эрі көріпкел әулие етіп 
сурсттейді.
Халық «Өнер алды - қызьш тіл» десе, Бұқар бұл мақалдың данальнын әбден 
түсінген адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да, құрметтілігін де білген.
80 Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы, 1991.-48-6.
81 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 69-6.


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет