Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Аідын-жыраулар философиясы



Pdf көрінісі
бет248/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Аідын-жыраулар философиясы
277
істеген істерін мадақтай еске алады. Марқұмньщ ерлігін, салтанатын, байлығын 
сөз етеді. Бұқардан қалған мұраның ішіндегі ең көркем туындылардың бірі болып 
есептелінуге тиіс осы жоқтау жыры деп ойлаймыз87. Бұқар бұл жерде Абьшай хан 
өмірі арқылы, сол кездегі элеуметгік-тарихи жағдайларды үлкен философиялық 
толғаныспен шын көрсете білген.
Бұқар шығармашьшығьшда өзі өмір сүрген заман келбеті, тарихи оқиғалар 
бар шындығымен көрегендігімен дэл түсірілген. Ол көрші елдермен, соның ішінде 
орыс халқымен достық қарым-қатынас қажет екендігін түсінді. Ойшыл, саясаткер 
Бұқар қазақ халқының болашақ мүдделері үшін осындай саясатты ұстанады. 
Бұқар өзі көрген Тэуке хан, оның ар жағындағы Қасым, Хақ-Назар, Есім хандар 
заманының идеалдарымен өмір сүрген адам еді. Ол үш жүздің басы қосылып, 
бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсайды. Бұқар өмір сүрген ескі 
қазақ мемлекеті әлсіреп, ьщыраған заманда эмір жүргізуші хандардың ішіндегі ең 
әулетгісі Абылай еді. Абылай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет қүруға ты- 
рысты. Сондықтан да Бұқар оны өзінің армандарын жүзеге асырушы деп есептеп, 
іс жүзінде де, сөз жүзінде де мейлінше қолдайды.
Абылай саясатының жақтаушысы, жырау реті келген жерде ханды көбіне 
мақгап, биікке көтеріп отырады.
Алтын тақгың үстінде,
Үш жуздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге,
Ешбір жаман қылмадьщ.
Әділетпен жүрдіңіз.
Бұқар ұғымындағы Абылай - осындай эмірші. Жырау Абылай саясаты- 
на, ел ішіндегі Абылай беделіне тамашалай қарайды, Абылай билігінің салта- 
нат құрғанына масаттанады. Бұқар шығармаларындағы өзекті мэселелердің 
бірі — елдің бірлігі. «Бірлік болмай тірлік болмас», — дегендей жырау халықты 
ынтымаққа, бірауыздылыққа, елді қорғауға шақырады. Қазақ руларының бір- 
бірімен тату тұруларын, өзара қырқыс елді жақсылыққа алып келмейтіндігін на- 
сихаттайды. Руаралық тартыс елді елдігінен айыртады, ел басына қиын күндер , 
туғанда эркімнің бір таяғына ілігіп, ел тағдырын мүшкіл халге алып келуі мүмкін 
деп елді бірлікке шақырып, елдің қорғаныс қабілетін күшейту, Абылай хандығын 
нығайту саясатын жүргізеді.
Өлстұғын тай үшін,
Қалаіұғын сай үшін,
Қылмаңцар жанжал-ерегіс, -
деп мал-жан үшін, қоныс, қыстау үшін өзара бет жыртысып, бос қырқыспауға 
шақырады.
Алауыздықтың, өзара қырқыстың неге соғатынын дұрыс түсінген Бұқар жер 
бетінен жойылып кеткен жоңғар мемлекетінің тағдырын мысалға келтіреді:
87 Сонда. - 83-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет