Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 0 V III тарау. K fSag философиясы



Pdf көрінісі
бет251/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 8 0
V III тарау. K fSag философиясы
Белгілі бір тарих кезеңінде өмір кешкен әрбір тұлға, ақын - өз дэуірінің, 
қоғамының перзенті. Сондықган да ол өз заманының элеуметтік күиін, тұрмыс- 
тіршілігін толғайды. Сол өмір сүрген кезеңіне, зердесіне қарай, өз көзқарасы тұр- 
ғысынан қарайды.
«Зар заман» деген - XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман 
халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері-соңғы ірі ақындардың 
барлық күй-сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бү- 
кіл бір дэуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» 
ақындары деген ат қойдық»89, — деп М. Әуезов көрсеткен кезең ақындарының 
өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Ш ортанбай Қанайұлы (1818-1881), 
М ұрат М өдкеүлы (1843-1906).
Күп кезең патшалық отарлау саясатыньщ күшіне енген кезеңі еді. Қазақстан- 
Ш.Ш Ресей қүрамьша енуі Қазақ халқының тэуелсіздігінен айырыльш, қазақ жерінің 
нағыз талауғатүскен шағы болатын. Осыған орай, кәсіби шаруашылықтың ыдырауы 
халық арасында сарыуайымшылдық пен болашақган күдер үзушілік пиғьщдарын 
тудырды. Жүз жылға созылған зар заман дэуірінің ақындары халықгың басына 
төнген қайғы-қасіретгі сары уайымға салыну, тарығу сарынымен жырлады.
Кезінде Асан қайғы мен Бұқар жырау қауіптенген заманның орнай бастаға- 
нына тірі куэ болған Мұрат ақын «Қазтуған» деген толғауында:
Ортамнан ойран салар деп,
Азамат ердің баласы 
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
Байтақгың басы патшалар 
Батуға жалғыз аса алмас,
Көкжалдар көзін салар деп,
Мен заманнан қорқып барамын,
Кейінгі өскен жас бала,
Кіріптарда қалар деп,
Кундердің куні болғанда 
Обалы маған болар деп, -
терең философиялық толғанысқа түсіп, ел жағдайы мен жер жағдайын байла- 
ныстыра жырлап, ата дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі кетіп, қазақ жерінің 
бар байлығын алып, талан-таражға түсетінін айтып, мен заманнан корқып ба­
рамын деуі де бүгінгі күнмен үндестігін тауып, болашак үшін де қайғырып, 
жанының күйзелгенін көреміз.
Отаршылдық саясаттың күшейе түсуі халықтың ұлттык рухани мәдениетінен 
де, дінінен де айыру қаупін туғызды. Себебі шүрайлы жэне күнделікті кәсібіне 
ыңғайлы жерлерден ығысқан халық ендігі жерде қайтадан көшпелі өмір сал- 
тына ден қойған-ды. Осы орайда, М. Әуезовтің: «Сыртқы өмірдің осы сияқты 
себептерінен қазақгың ойынауайым араласқан, көңілі жабығып, сөзінен, өлеңінен, 
энінен, еркелік, еркіндіктің бэрі де арыла бастап, оның орнына арман, зар-тер, 
қайғы басқан»90, - деп жазған сөздерін атап өтпеуге болмайды.
89Әуезов М. Ә дебиеттарихы . —Алматы, 1991. — 132-6.
90 Қазақ әдсбиетінің негізгі дәуірі // Э лем . - Алматы, 1991. - 291 -б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет