Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілж пен жаңашьілдьщ философ иясы



Pdf көрінісі
бет270/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Дәстүрлілж пен жаңашьілдьщ философ иясы
299
алғашқы туындысы болып табылады. Бүл шығармада айтылған ойлардың сыры 
мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм жэне идеализм тэрізді екі 
анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы - ушінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен,
Өнер ойға тоқылса.
Жайнар коңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса.
Яғни басты мәселе - ар ілімі, мораль төңірегінде. Кэдімгі этиканы Шәкәрім- 
нің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мэн бар. Себебі оның негізгі категориясы, 
мэдениеггіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шэкэрімнен үзін- 
ді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі 
қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау 
деп өлсе керек. Жэне ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат 
қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нанбай, 
ұждан, совесть қүр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық кісіге жақсылық, қиянаттың 
көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болтаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана 
алмай, ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған 
кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам 
жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жү- 
регін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді 
де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кей- 
бір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, эйтпесе, жарату- 
шыда білім бар, өлген соң да біртүрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы 
- ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл - жоғарылаудың 
ең зор жәрдемі үш анық дегенім - осы»119.
Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан ежелгі гректегі «калокагатия», 
И. Канттың «кесімді императив» үғымдарымен астас. ¥ж дан дегеніміз - ынсап, 
әділет, мейірім. Шэкэрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне 
өлінеусіз қызмет етті.
Шэкэрімнің «Үш анық» атты шыгармасы негізгі философиялық шығарма- 
лардың бірі болып табылады. Мұнда фйлософия тарихына байланысты көп 
мағлұматтар аламыз. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе -
бар ілімнің негізі болып табылатын нәрсе: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім -
үшеуі қосылып 
үждан
деген шығады. Мұны орысша 
совесть
деп атайды... бұған 
нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... 
ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе 
қарайта алмайды»,120 - деп жазған философиялық толғау бүгінгі күн талабымен 
де үндесіп жатыр.
Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақыт сарп 
етіпті. Бұл ақынның ғылымта деген үлкен жауапкершілігі мен тазалыты болса
119 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. - Алматы, 1991. - 44-45-6.
120 Қудайбсрдіүлы Ш. Үш анық. - Алматы, 1991. - 5-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет