Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Түркі тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет137/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Түркі тілді ислам философиясы
Мәуләне бар Ғаламды қамтитын махаббат күші арқасында қазіргі адамдарда 
^оғалған үмітті де ұмытпайды. Жалғыздық, жатырқаушылық, материалдық дәу- 
летпен ауру, өлім сияқты қазіргі заман адамының қиын да экзистенциялық мо- 
селесін қүдайлық махаббаттан шығатын үмітпен шешуге болатынын айтады. Бұл 
мэселелсрді шешу жолы - анархия мен агностицизм емес, Ғаламды басатын -
кұдайлык махаббаггы бағындыру жолы. Мүның барлыгы «Кел!» қысқа да нұсқа 
сөзінде көрінеді.
Ар-Руми адамның жаралу тарихын да талдаған. Құран бойынша: Адам 
балшықтан жаратылып, Жаратушы оларға өз рухынан дем берді. Данышпан Құдай 
Адам атаны жарату үшін қырық күн бойы балшық дайындаған деген Мухаммед 
пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзін келтіреді. Қүран бойынша, Құдай үшін бір күн, жүз 
мың жылмен тең. Яғни пайғамбардың сөзі Адамды жарату Құдайдың көп уақы- 
тын алған эволюциялық үдеріс екенін көрсетеді. Құдай Адамның физикалық де- 
несі жетілгеннен кейін Құдай өз рухын адамда көрсетіп, адамның саналы «Мен» 
мәнін дарытты. Адамның «Мені» сана сезім арқылы өзінің мәнін Ғаламның бар 
кұбылыстарына сай келетіндігін түсінді.
Осыған орай, әлемдегі барлық эртүрлі себептер себепкер болмай, салдар 
болады. Себебі «Мен» жеке материалды түрін болмысқа енгізіп, уақыт, орын 
мен казуальдылықтың иллюзиясын көре бастайды. Дене - «Мен» себебі емес, 
бірақ физикалық күбылыс деңгейінде маңғаздану үшін қолданьшатын «Мен», 
денені құрал ретінде қолдану себебі «Мен» болып табылады. Канттық түрғыдан 
қарағанда, бізден тәуелсіз нэрсені қабылдау тек біздің ақылга арналған. Құдай 
мен заттардың мәнісі сыртқы кейіпте емес, ішкі элемде жасырынған.
«Дэуір» (арабша «шеңбер») қағидатын дұрыс түсіну керек: элемдегі бар нәр- 
се Құдайдың болмысынан жаралып, физикалық шындық әлемінде қарапайым 
түрден (мысалы, бір клеткалы жануар) күрделі түрге (адам) ауысады жэне адам 
өлімімен Құдайға қайтып оралады. Бұл қағида қарапайым жағдаймен келтірілген 
эволюциялық теориямен ешқандай байланыспайды. Сопылық «дэуір» түсінігін- 
де әлемдегі эрбір атом болмыстың жоғарғы деңгейіндегі адам болу жэне адам 
өлімімен бірге Жоғарғы болмыспен қайта бірлесу үшін талпынады. Атомдардың 
барлық өзгеруінің күші ретінде Табиғат емес, Құдай есептеледі.
«Фиқһ» өлшемі. Ар-Руми тебриздік Шамспен кездеспейінше, исламның әлеу- 
меттік-құқықтық норма жүйесіне көп көңіл бөліп, дәстүрлі көзқараспсн қарады. 
Ар-Руми Шамс арқылы ислам жолы тек арнайы заңдарға сүйенбей, ғаламдық 
махаббаттан тұратынын түсінді. Ол «махаббат Діні басқа діндерден ерекшеле- 
неді» жэне «ғашықтардың сенімі - Құдай» деп айта отырып, батыс зерттеуші- 
лірінің: исламдық қүқық жүйесі «Фиқһті» исламның рухани өлшемімен салыс- 
тырғанда ешқандай күны жоқ, - деген болжамын тұспалдамайды. Ар-Руми айт- 
қандай: «Шариғат шам секілді жарық шашып, жолды көрсетеді». Адам қолына 
шырақ алумен алдына қойған мақсатына жетпейді. Сонымен бірге қолына шам 
алмай мақсатқа жететін жолмен жүре алмайды. Ислам заңы («шариғат») бойын­
ша мақсатыңызға жетуді бастасаңыз, сопылық жолды («тариқат») ұстана оты­
рып жалғастыруға болады. Мақсатыңызға жеткенде, қүдайлық шындыққа көз 
жеткізесіз («ақиқат»)... «Шариғат» заңы кітап не мұғалім көмегімен алхимияны 
оқығанмен бірдей. «Тариқат» - алхимия ережесіне сай сымды өңдеу үдерісі мен


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет