Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


'fypKi тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет142/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

'fypKi тілді ислам философиясы
165
тан пайда болады екен. Сондай түндердің бірінде шейхтармен бірге қалған Жүніс 
те дұға қылады, ал пайда болған тамақ эдеттегіден екі есе көп болады. Шейхтер 
Өмреден өзі бірге мінэжат еткен жэне ерекше дэрежесінің арқасында Алла оларға 
efci есе азық дарытқан адамның атын айтуын өтінеді. Алайда Әмре шейхтердің 
кунделікті дұғаларына қосқан эулиелердің аттарын айтпайынша олардың өтінішін 
қабылдаудан бас тартатынын айтады. Олар отыз жыл бойы ақ ниетімен Тапдұққа 
; қьізмет еткен бір дэруіштің есімін қосатындарын жеткізеді. Әмре эңгіменің өзі 
I туралы екенін түсініп, хұжраға кері оралады. Оралысымен «Қалай? Енді сен өзің- 
нің. рухани дәреженді түсіндің бе?» - деп сұрайды Тапдұқ. Бұл аңыздар аллего- 
риялық сипатта болуы мүмкін, яғни жаңа піскен қара өріктер жас Жүністің рухани 
шындықтарды тануға эзір еместігін, шорқақтығын білдіреді деген де пікірлер бар. 
Тапдұқгың қазасынан кейін оның ізін қуушылар ақынның айналасына жиналып, 
Әмре анадолылық сопылардың бейресми, дұрысы, идеялық көсемі болады. Көзі 
тірісінің өзінде оның Құдай хақындағы өлендері (ар. «иляхи» - «Құдайға арналған 
поэтикалық сөз») жэне поэтикалық сөздері («нутук») көпшілік арасында кеңінен 
жайылады. Түрік музыкасының зерттеушісі Уолтер Фельдманның ойынша, Жү- 
ністің «иляхиінің» (кейде «нефес» деп те аталады) Орта Азияда кең таралғаны 
сонша, тіпті, эртүрлі сопылық «тариқаттарда», яғни шиитгік жэне сүнниттік 
«тариқаттарда» оқылатын болған (әдетте әр «тариқаттың» өкілдері өздерінің 
ғана рухани басшысының өлендерін оқиды деп көрсетеді Фельдман). Шамамен, 
XIV ғасырдың алғаш жылдарында артына бүкіл түркітілдес әдебиетке ықпалын 
тигізген, маңызды поэтикалық мұра қалдырған Жүніс Әмре қайтыс болады. 
Ақынның жерленген жері анықталмаған.
Әмренің басты еңбегі лирикалық жэне «иляхи» өлеңдерден тұратын түрік тілі- 
нің анадолылық диалекгінде жазылған «Диуан» өлендер жинағы болды. Жинақта 
көбіне-көп рух жэне адамның хайуандық негізі («нәпсі»), сарандық жэне азға 
қанағат ету, сабыр мен тэн құмарлығына қарсы дұру сынды адамгершілік тақы- 
рыптар қозғалады. Сонымен қатар «Аттар», «Сенаның» жэне ар-Румидің әсері де 
байқалады. Сопыларда кең тараған символдар мен тұспалдау тілімен ол әлемді 
құрайтын торт элемент туралы, адам жанындағы ізгілік пен жақсылықтың күші 
туралы, өз иесін тура жолдан тайдыру үшін адами негіздің («нәпсі») пайдаланатын 
тұзақтары туралы, азға қанағат ету мен сабырлылық танытуцың маңызы туралы 
Йөз қозғайды. Құдыққа тасталған Жүсіп пайғамбардың (а.с.) сабырлылығы 
жайында, тэкаппар бай Карунның қайғылы ақыры жайында, адамдарды ақырзаман 
ьсүтіп түрғандығы жайында баяндалатын құрандық хикаяттар да атап өтіледі. 
Жүністің басқа шығармасы «ар-Рисалят ан-Нусхият» («Ғақпиялы трактат») өз 
стилімен ар-Румидің «Маснавиін» еске салады жэне 573 өлеңнен құралады. Ол 
басынан аяғына дейін айналасындағыларды рухани тазарудың жолына бағьггтауға 
арналған.
«Калам» өлшемі. Жүніс философиясы, ең алдымен, сопылық дүниетаным 
бола тұра, өзіндік рационалды-философиялық тіректерді негіздеуге аса мэн бер- 
мейді. Ақьш өз сезімдерін философиялық дэлелдермен дәлелдеуден гөрі өз сені- 
мінің шымбайына батуға талпынады. Сопының жүрегі шұбалаңқы теоретикалық 
пайымдауларды қүраудан гөрі тікелей діни шындықты түсінуге бағыт алған: «Ол 
- «бол!» десе, болғызар менің Рақымым, Ол - маған керекті азық берер элемімнің


166
III 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет