Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V тарау. Ж аңа заман философиясы



Pdf көрінісі
бет165/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

V тарау. Ж аңа заман философиясы
191
тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін обьектив- 
ті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен 'габуга ұмтылады; 
екіншіден, бұл қағида оны мэнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін 
мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше, бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты 
рухани түпнегізбен (Құдай) қатар материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүре- 
ді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) ойлау болса, мате- 
риалдьщ түпнегіздің атрибуты - кеңістікте көсілуі.
Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ 
бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады. Корпус- 
кулдар кеңістікте жэне үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары жә- 
не қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар 
механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болтан. Ал 
рухани түпнегіздің атрибуты - ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты -
кеңістікте көсілудің бір мезгілде эсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол 
ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы 
себептен адамдардың қимыл-эрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұр- 
ғысьшан түсіндіру өте қиынға сотады. Жалпы алғанда, жансыз денелердің, өсім- 
діктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, 
себебі олардың табиғатын, мэнін механика, математикалық есептеулер арқылы 
түсініп-білуге болады. Демек, танымның негізгі тэсілі геометриялық дедуктив- 
тік, аксиоматикалық тэсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт 
рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсіну- 
лер бере алмайтын табитаттың сыры мен мэнін ашуға мүмкіндік алады деп тұ- 
жырымдайды. Декарт эрі қарай ойын жалғастырып, ақыл-ой сезімдік түйсінуге 
мұктаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, қүбылыстарды «туа біткен 
идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бүл идеялардың табиғаты туралы 
Декарт: «Бүл идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде 
жетілдірген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай 
шындықтан туындамағандықтан, туа біткен идеялардың децгейіне жете алмайды. 
«Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (Құдайдьщ) өзі болғандықтан, 
олар айқын жэне анық, ал олардың негізінде алынған білім де айқын жэне анық, 
Өасқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексеру- 
дің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үндес келетін математика 
болғандықтан, математикалық тэсіл ғалымдардың ең жоғарғы зертгеу тәсілі бо­
луы керек.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен 
кейінгі философиялық ағымдарға ьщпал етіп, адамдарды басқаіпа ойлау арқылы 
қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
Бенедикт Спиноза (1632-1677 ж.) - Нидерланд философы. Негізгі еңбектері: 
«Діни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «Этика», т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен қүбылыстарды 
біріктіретін ұғым - ол субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз бір- 
тектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибутгар (ең 
басты қасиеттер) тэн. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - кеңістікте көсілу мен


ойлау. Түпнегізді ешкім (Құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда 
болуына себепкер (causa sui). Түпнегіздің атрубуттары модустарды дүниеге әке- 
леді. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі - түпнегіздід атрибуттарынаң 
тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: 
а) кеңістікте көсілу атрибутынан қозғалыс жэне тыныштық модустары; э) ойлау 
атрибутынан ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі - әлемдегі 
жеке денелер модустары. Әлем түпнегізбсн пара-пар болғандықтан, бұл модустар 
- түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Элем универсум (әмбебап 
жалпы ұғым) ретінде мәңгі жэне өзгермейді. Ал оған кіретін жекс денелер үз- 
діксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз 
өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс 
модустары арқылы жүзеге асады.
Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке 
денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде эртүрлі болып 
кездеседі. Егер жануарларда жан, адамдарда жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары 
болса, басқа заттарда тіршілік модусы ғана болады. Бүл жерде Спиноза тірші- 
лік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін ай- 
тады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретін- 
де қарастыруы философияда гилозоистік көзқарастың жанданьш, одан әрі қарай 
дамуына үлкен эсер етті.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге 
идеялар да модустар. Олай болса, адамдар өз мүмкіндіктерін жэне табиғаттың 
заңдылықтарын, сырын неғүрлым көбірек білсе, солғұрлым ол өзі үшін эдепті- 
лік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, Құдайдың мэ- 
нін түсінуге жақындар еді. Ал Құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек 
сүйеміз. Осындай Құдайға деген сүйіспеншілік те біздің игілігіміз. Адамдар өзін 
туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың 
іс-эрекеттері себептілікке бағынады. Бұл зандылықты білмегеннен кейін олар өз- 
дерін еріктіміз деп ойлайды.
Табиғаттың, адам өмірінің себептілік зандылығына бағынышты екенін түсіну 
үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.
Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі - сезімдік 
таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы 
алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады; екіншісі -
рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл 
сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі - интуиция немесе заттар 
мен құбылыстардың мэнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мэнін түсініп-білу 
арқылы, олардың түпнегізін (Құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Сөйтіп, Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мэнін, мазмұнын, 
табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғалымдардың ісі, ал дінге 
келетін болсақ, оның Құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, дін- 
нің шығуына екі түрлі себеп эсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзі- 
нен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы жэне 2) олардың 
табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет