Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 3 8 А V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет209/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 3 8
А
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
тырмалы түрде кемеліне жеткен адам Алла жүрегіндегі жаратушы күште ерекше 
орын алады жэне өзін қоршаған заттардан гөрі шындықтьщ жоғарғы сатысында 
тұрады.
Адамның толық «Мені» биік мақсаттар мен нәтижелерге жеткізу жолындағы 
ең бір үлкен табиғи күш деп саналады. «Меннің» ұлы күші арқылы ғана адам өзін- 
дік бомысын жоғалтпай, Құдай бірлігіне жетеді. Іс-эрекет - сезімнің биік нысаны.
Икбал іс-әрекет принципін алға тарта отырып, мұсылман халқын өз күшіне 
сенуге және сол кездегі күнделікті өмір-тіршілігіне өзгертулер енгізуге қабілет- 
тілігін артгыруға болатынын ерекше атап өтеді. Мүндай өзгертудің алғышартын 
ол «өзінді өзгертпей, халықты өзгертуге болмайды» деген Құранның мына ере- 
жесінен көрді: «Адам өзінің ішкі дүниесін қайта қүру арқылы ғана өзіндік 
Худиына ие болады, ол адам өмірінің түбірімен өзгеруіне алғышарт жасайды. 
Онтологияның алғышарты ретінде «өзіндік танудың» мынадай жағдайы бар: 
қарама-қарсылықты, «Мен» обьектісін өзіндік заңдылықгарымен өмір сүре- 
тін нәрсе ретінде қарастыруға мүдцеліміз. Бұл «Меннен» сыртқы жэне тәуел- 
сіз танымның танылатын объектіге ешқандай әсері болмайды». Қалыптасқан 
көзқарас бойынша, материя уақытта бар жэне кеңістіктегі қозғалыста болатын бір 
нәрсе. Бірақ қазіргі релятивті физикада бұл көзқарас қалыптаса қоймаған.
Нақты барлық шындықты талап ететін дін ғана адамдар тәжірибесіндегі 
кез келген синтезде орталық орынды алуы керек. Сондықтан шындыққа деген 
қандай да болмасын сегменггік көзқарастарға үрке қараудың қажеті жоқ. Жараты- 
лыстану өзінің табиғатына жэне міндеттеріне адал болып қалса, ол шындыққа 
деген көзқарас туралы түтас теорияны туғыза алмас еді. «Негізі, мен былай деп 
ойлаймын, - деген Икбал, өзінің түпкі мінездемесі жағынан Шындық рухани... 
Абсолютті Едо... Шьтндық деген - осы». «Әрбір мәдениет өзіндік қоршаған 
ортаны қабылдауда натурализм нысанына ие болады, кез келген натурализм 
нысаны белгілі бір кезеңде атомизммен аяқталады деп қабылдауды қажет етеді. 
Үнді атомизмі, мұсылмандық атомизмі, грек атомизмі жэне қазіргі замандағы ато- 
мизмдер бар».
«Қазіргі замандағы адам өзінің сыни философиясымен жэне ғылыми маман- 
дығына байланысты өте ерекше жэне қиын жағдайда, оның натурализмі оған 
табиғат күштерін бақылайтындай билік берді, бірақ оны өз болашағына деген се- 
німнен айырды».
Кеңістік пен уақыт ой шегіне жеткен Едоның шығармашылық белсен- 
ділігінің алдына қоятын интерпретация болып табылады. Сондықтан олар 
осы Едоның мүмкіншілігін құрайды, тек ол біздің математикалық кеңістік 
пен уақытта жеке бөлшектер ретінде іске асады. Оның аясынан бөлек жэне 
шығармашылық белсенділігінен бөлек уақыт та жоқ, кеңістік те жоқ. «Таным 
сөзі шектеулі Едоға жатады. Таным тек қана нақтылықтан басталу керек. Бұл 
интеллектуалды нақтылықты билеу, адам интеллектісінің нақтылықтыц шегі- 
нен шығып кетуіне мүмкіншілік береді. Тек терец медитация кезінде ғана біз 
өзіміздегі қасиетті «Менге» енеміз жэне тэжірибенің ең ішкі орталығы болып 
есептелетін жүрекке жетеміз. Шындықтың толық көрінісін қамтамасыз ету 
үшін сезімдік толықтырылуы қажет, басқаша айтқанда, жүрек-сезім немесе 
көрегендік керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет