Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


г М ұсылман елдерінің философиясы



Pdf көрінісі
бет206/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

г
М ұсылман елдерінің философиясы
2 3 5
тулары бойынша, біз туылдық, демек, біз өлімге бойұсынуымыз керек. Шығыс 
адамының ойлау типі өзгеше, біз ешқашан туылмадық жэне ешқашан өлмейміз. 
Туылу мен өлім жоқ: бастауы да, аяғы да жоқ.
Батыс адамының ойлауы бойынша, бастама болу керек, Құдай әлемді жаратуы 
тиіс. Шығыс адамы бойьшша, жаратушы Құдай жоқ, заттардың бастамасы жоқ, ло­
гос та, сөздің бастамасы да жоқ. Мынадай бір мысал келтіруге болады: Қытайда бір 
буддалық монах болатын, оны өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс, қайырымды- 
лық пен зұлымдық деген мэселелер қызықтырған болатын. Бір күні ұстазына ол бір 
ауылға барып келейін деп өтініш жасайды, ауылда туысқаны қайтыс болған екен. 
Дзэгэен деген монах Дого деген ұстазынан: «Ол тірі ме, элде өлі ме?» - деп сұрады. 
Ұстазы: «Тірі, өлі деп айта алмаймын». «Сен неге тірі, өлі екенін айта алмайсың?» 
- деп ренжиді. Олар үйлеріне қайтып келе жатқанда, шэкірті ұстазынан қайта 
сұрайды. Еш жауап ала алмаган соң өзі осы мәселемен айналысыпты.
Бұдан шығатын қорытынды: Шығыс адамына тән ойлау - ол адамның ішкі 
рухани күйіне үңілу, дүниемен тікелей қатынасты қалау.
Тақырып бойынша сүрақтар:
1. XX ғасырдағы қытай философиясының дамуына Ху Ши еңбектері мен философиялық 
ойлары қаншалықгы эсер етті?
2. XX ғасырдағы қытай философиясындағы ең ірі кәсіби философтардың бірі Фэн Юлан 
көзқарастарьшьщ Ху Шидан ерекшелігі неде?
3. Үнді философы С. Радхакришнанның «Мэңгілік діннің» қоғамдық-тарихи рөлі қандай?
4. Ауробиндо Гхоштың философиялық жүйесі құрылымын сипаттап беріңіз.
5. Жапон философы Н. Китароның қарастырған негізгі мәселелері қандай болды?
6. Жапон философы Судзуки Дайсэтцудың философиялық ойларына талдау жасаңыз.
Мұсылман елдерінің философиясы
Көптеген ғасырлар бойында Талу жэне Орта Шығыс елдерінде қоғамдық 
өмірдің барлық жагына - мэдениетке, өнерге жэне білімге ислам идеологиясы- 
ның эсері зор болды.
Арабтардың шапқыншылығы нәтижесінде VIII гасыр басына қарай Батыста 
Испания мен Мароккода, Шығыста Орталық Азия мен Үнді еліне дейінгі ұланғайыр 
жерлерге жаңа дін кеңінен тарай бастады. Ислам тарихы, негізінен, екі арабтық 
жэне түріктік кезеңнен тұрады. Соңғысы түріктердің арабтар мен парсыларды 
жеңіп, XII ғасыр аяғына таман түрік мемлекетінің үстемдігі орнауымен байланыс- 
ты болды. XVI ғасырға таман Осман империясы құрылып, оньщ ресми діні ислам 
болып бекітілді. Ислам құндылықтар жүйесі мен Араб халифатына, одан кейін 
Осман империясына біріккен халықтардың дәстүрлі мэдениетінің өзара қарым- 
қатынасының нәтижесінде ерекше синкреттік мәдениет (эдебиетте мұсылмандық 
деп те атайды) қалыптасты.
Ортағасырлық Еуропада өктем болған христиан дінінің рөлі тарихтан белгі- 
лі. Осы кезде мұсылман мэдениетінің антикалық философиялық мұраны сақтап, 
насихаттап, одан эрі дамытканы аса маңызды болды. Антикалық философтардың 
еңбектері Совиньиден Самарканға дейінгі аралықта ауцарылып, зерттелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет