Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 III тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет84/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

8 8
III тарау. Ортағасырльщ философия
Адамдардың өте көп мөлшері тарихпен айналысады деп санайды ибн 
Халдун; алайда солардың ең аз бөлігі ғана зерттеп жүрген тарихи мәлімсттері- 
нің нақтылығын анықтаумен айналысады, бұл жайылган тарихи оқиғалардан 
«даналықтың» элементтерін іздемегенмен тең. Ибн Халдун тарихи мәліметтерді 
«даналықгың» ұстындарына сай келмейтін жэне қоқыс мэліметтерден тазартуға 
шақырды, яғни әлемдегі тіршілік фактілерін мойындауға негізделген пікір абсо­
л ю т смес, бірақ айқын кездсйсоқтық екендігі рас. Тек тарихшы ғана тарихи 
оқиғалардың даналығын аша алады; дэл соның субъективті көзқарасы қандай да 
болмасын оқиғаның тарихи үрдістегі шынайы орнын анықтауда басты критерий 
болып саналады. Тарихшы мынаны білуі тиіс, тарихи оқиғалардың мэні тарихи 
жинақтар мен қолжазбаларды механикалық оқумен танылмайды, бірақ қандай 
да бір жанама, интеллектуалды жолмен танылды. Өркениет - бір нәрсенің се- 
бебі емес, көптеген үдерістердің қандай да бір нэтижесі, яғни себебін әлі зерт- 
теуді қажет ететін нэтиже. Дэлелді ақпаратсыз тарих қолжазба ретінде мүмкін 
болмайды, ойлана білетін тарихшысыз тарих ғылым ретінде саналмайды.
Тарихшының басты қателігі, - деп жазады ибн Халдун, теріс пікір, кей кезде- 
рі тарихшылар дәлелсіз ақпараттарды қабылдап, оны дұрыс деп көрсетуге дайын 
түрады, сондағы мақсаттары өздерінің сенімдерінің дүрыстығын көрсету үшін. 
«Дәулеттінің билігіне» жағымпаздану қалауын немесе керісінше оларға деген өзі- 
нің өшпенділігін асыра әспеттеп, қанық түспен көрсету көптеген тарихшылардың 
жүрегіндегі үяларын бұзған аурудың тағы бір түрі болып саналады дейді фило­
соф (бұл жағынан қарағанда тарих үнемі саясатпен байланысты). Сонымен бір- 
ге кейбір тарихшылар ақпаратгы қандай да бір рационалды сынға ұшыратпау 
қалауын жояды, яғни көрсетілген оқиғаны аналогиялық тарихи жағдайдан орын 
алған оқиғамен салыстыруды қаламау. Әртүрлі тарихи оқиғаларды бір-бірімен 
ажыратпастай етіп ұқсаттыратын заттардың өзгермейтін жақтары бар; алайда 
тарихшы бұл ұқсастықты байқауы тиіс. Ол оны қаншалықты көбірек жасаса, 
соншалықты оның шығармашылығы «өркениет туралы ғылым» деп атала 
бастайды, тарих туралы емес.
Бір кездері мұсылмандар тарихқа осы кең мағынасында қараған деп санайды 
ибн Халдун; кейіннен, әл-Мас’уди (956 жылы өлген) тарихшының дәуірі- 
нен соң олардың зерттеулерінің көкжиегі тарылып, олар алдыңғы дәуірлер 
мен географиядан қалған мэліметтермен шектеліп қалды. Сонымен бірге қате 
ақпараттар мен ашық болмаған оқиғалар олардың бөлшегіне айналып отырды.
Ибн Халдун көрсеткендей, адам қоғамды қажет етеді немесе мэні жағынан 
адам: тамақ жэне қауіпсіздік сияқты екі нәрсеге мұқтаждықты басынан кешіреді. 
Бұл қажеттіліктерді қанағатгандыру басқа адамдардың көмегінсіз мүмкін емес. 
Өздерінің мүмкіндігі жағынан кез келген адам кез келген жануардан, әсіресе жырт- 
қыштардан элсіз немесе толық жабдықталмаған жэне дене мүшелсрі аз. Алайда 
бұл кемшілік адамның парасаты мен оның қолының керемет құрылысы арқылы 
орны толтырылған. Бірақ олардың өзі табиғаттың басқыншыларына қарсы түруға 
жеткіліксіз; өзара серіктестік қажет; олай болмаған жағдайда адамзатқа жойы- 
лып кету қаупі төнеді. Әйткенмен де нақты қүралдармен қоғамды құрып алса 
да, адамзат өзі үшін жануарлар тарапынан емес, адамдардың өзінен туындай- 
тын өзара қақтығыстың, маңызды қауіп-қатердің алдын алу үшін, сонымен бірге




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет