Драб тілді ислам философиясы 85
отырып, тунистік ойшылдың концепциясьгада бар ой бойынша жүріп отырады.
ң Элиас ибн Халдун секілді бэдэуилерге назар аударады. Осы барлық ойшыл-
дар тунистік философ идеяларының ықпалында болды деп айтуға болмайды, тіпті
олар осындай ойшылдьщ бар екендігі хуралы білді деп айтуымыз да қиын. Алайда
оньщ барлық заттар туралы олардан бұрын жүз жылға ерте айтқандығы бізге оның
ядеяларының айрықшалығын, ауқымдылығын, тереңдігін жэне эмбебаптылығын
көрсетеді.
Ойшыл, сонымен бірге логиканы сынауды жеке ғылым ретінде қарастырады.
Сократ пен Платон логика ережелеріне қажетті назарды аудара алмады деп өкін-
ген ибн Рушдқа қарағанда ибн Халдун медресе мен мешіттерде бұл пэнді опы
ту өте көп көлемде күш пен уақытты қажет етеді деп өкінген; логиканың қабі-
леттілігі деп санайды ойшыл, бұл - өз шэкіртінің ақылын «жетілдіру» жэне оған
ақиқаттың қайда орналасқандығын немесе қай жерде жоқ екендігін табуға көмек-
тесу. Алайда шындап келгенде, ақиқаттьщ өзін логиканың көмегімен тану мүмкін
емес. Тек қана өзіміздің не болмаса басқа адамдардың жүргізген бақылаулары мен
тәжірибелері бізге ақиқат туралы шынайы білім бере алады. Дж. С. Милльден
жүз жыл бурын философ: «Логиканы білмейтін кейбір адамдар өте дұрыс тұжы-
рымға келе алады, керісінше, логикадан кәсіби білімі бар адамдар, өздерінің тұ-
жырымдарында қателесуі эбден мүмкін, - деп айтып кетеді.
Философтың ойынша, «Калам» ғылымының соңғы ұрпақтары сенімнің
ақиқаттьшығын дэлелдеуде философтар секілді «Фәлсафа» мен «Калам» мэ-
селелері -бір-бірінен ажыратылатынын ұмытып кетеді де, сол бір әдісте өте көп
қолданады. Сонымен, біріншісі ол мэңгі жэне абсолютті деген алғышартқа сүйене
отырып, элемді зерттейді, яғни өз-өздігінен пайда болады жэне элемді Жаратушы-
ны тікелей көрсетпейді жэне жағдайды Жер шарының қандай да бір автономиялы
онтологиялық дамуы, қозғалысы ретінде түсінуге қызығушылығы басым. Ал екін-
шісі болса, болмысты Қудайдың бар екендігін дәлелдейтін барлық жаңалықты
жэне жаңа айғақгарды табу мақсатында зерттейді; «Калам» үшін Жер шарының
қозғалысы үнемі өзін-өзі емес, оған осы қозғалысты Бергенді көрсетіп отырады.
Философия зиян немесе адамзат парасатьшың мүмкіншіліктерін шектен тыс эсі-
релеп жібереді жэне философиялық тұжырымдардың дұрыс болуы діни ақиқатты
Қасиетті жазбалардың сөзіне жай ғана сену арқылы емес, философиялық жолмен,
дэлелдеуге болатындығын көрсетеді. Ол сонымен қоса эманация шеңберінде бол
мысты шектен тыс тарылту ретінде философияда жиі қолданылатын «Алғашқы
Ақыл» идеясын сынға алады; оның ойынша, мэңгі болмыс бірнеше «құдайлық
ақылдармён» шектеле алмайды. Сонымен бірге эманация идеясы философия-
лық деңгейде жеткілікті дэрежеде негізделе алмайды. Осы идея бойынша, тек
«Алғашқы Ақыл» ғана тікелей құдайдан пайда болады, ал қалған барлық ақылдар
қудаймен байланыстан гөрі бір-бірлерімен байланысты деген ой тудырады.
Көптеген «ақылдармен» байланысты Жер де құдаймен тікелей байланысын
жоғалтады. Мұның барлығы әлемнің жаңаплатондық моделін мұсылмандардың
терең назарына тең келмейтін өзіндік материализмге айналдырады.
Сонымен бірге жердің шұрайлылығының ондағы өмір сүретін адамдардың
мінезіне тигізетін әсері туралы тақырыпты талдай отырып, ибн Халдун мынаны
көрсетті, аскеггік, эсіресе тамаққа ашығу немесе нысаптылық, адамның жаны