Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет244/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Тақырып бойынша сүрақтар:
1. Қазақгардың дәстүрлі дүниетанымы жайлы баяндаңыз.
2. «Жеті Жарғының» философиялык мэні мен маңыздылығы жайлы ойыңыз қандай?
3. Қазақ аңыз-ертегілерінің қазақ философиясын қалыптастырудағы рөлі қандай болды деп 
ойлайсыз?
Ақын-жыраулар философиясы
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық ойлары төл фило- 
софиямыздың қалыптасуына бірден-бір рухани негіз болды деп санаймыз. Олардың 
айтқан жыр-толғауларында тарих шындығы адам, қоғам, табиғат мәселелері тура- 
лы концепциялар өзекті орын алады. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары 
халық ауыз әдебиетімен, көшпенділердің эдет-ғұрып, салт-санасымен тығыз 
байланысты болып, бар болмысында ойлы философиялық, тарихи сабақтастық 
принциптері қатар жүріп отырды.
76 Орынбеков М.С. Қазақф илософиясына кіріспе/ / ¥ Ғ А хабаршысы. - 1993; Қазақ. - № 3 . - Алматы, 1994.
77 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. - Л., 1979. - Т. 2. - С. 5.
78 Тарақгы А. Ауызша тарихнама // Қазақ. - Алматы, 1994. - 31 -34-6.


Ацын-жыраулар философиясы
2 7 3
Қазақ жырауларының ішінен Шалкиіздің шығармашылығы, философиялық 
ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи 
әңгімелерге қарағанда қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін 
салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіүлы (1465-1560) Батыс Қазақстан 
өңіріндегі Ноғайлының үлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші қазақ 
арасындағы көп шонжардың бірі болса керек.
Көркем шығарма қашан да сол заманның, өзі өмір сүрген дэуір мен сол кездің 
ой-өресімен салыстыра бағаланбақ, өлшенбек. Шалкиіздің философиялық ойла- 
ры - көп ойлану, өз заманын нэзік түсіне білген ұзақ толғанудың жемісі.
Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі бол- 
ғандығын көрсетеді. Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының 
өміршеңдігін, талай уақыт сыньшан өтіп, ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының 
сырын ұғамыз.
Белгілі ғалым эрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз - новатор еді», -
дейді. «Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттьщ негізін салды. Бүп 
тұрғыдан алғанда, Шалкиіздің қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады. 
Өзінің философиялық, афористік поэзиясы — толғауларда Шалкиіз ойлылықтың, 
көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық, 
ойнақылық, сонымен қатар тереңдік - Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл 
жағьшан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды»79.
Қазақ ақын-жырауларының шығармалары, негізінен, көшпенділер болмысы, 
ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық, көркемдік, 
адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты болып келді.
Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашылығында бір қяттыпқя түскен 
философиялық көзқарас жоқ. Мұның себебі Шалкиіз шығармаларының бізге 
дейінгі ұрпаққа толық жетпеуі себепті деп ойлаймыз. Дегенмен қолда бар 
толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайьінда терең түсініктер береді.
«Дүниедс тұрақты, мэңгілік ештеңе де жоқ», - дейді жырау. «Әлем бір 
түрмайды, бэрі фэнилік, бэрі өткінші», - дейді. «Өмір қысқа екен, бұл жалған 
басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды дүниедегі 
бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек», - деп жырау өмір мен өлім 
мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің бар >
қызығы бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде 
екендігін айтып өтеді.
Шалкиіз жырау: «Көп түкірсе - көл», - деп елді үйымдастыққа, бірлікке 
шакдірады. Оңьщ пікірінше, көптің, елдің қолынан бэрі келеді. Ол жауға айбар, елге 
қорған, - дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау, «жалғыздың жағы жоғалса табылмас, 
рулының оғы қалса табылар», «Жағаға дұіппан қолы тимеске, артында туысқанньщ 
көбі игЬ>, «Белуардан сөз кешсең тобығыңнан келтірмейтін сол қамалаған қалың 
туғанның арқасы», - деп ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық катешриялары жөнінде де айта 
келіп, «Көрінгеннің бэрі бірдей кісі емес», «Қырға шықпас жаманның, барынан 
да жоғы жақсы», - деп адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.
79 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. - Л., 1979. - T. 2. - С. 5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет