Жакыпова Майра Бектаскызы, Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі



бет2/2
Дата19.05.2018
өлшемі228,06 Kb.
#40512
1   2

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)


І. Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеу

3.Траектория, жол, орын ауыстыру деп түрлі түсті қағаздарға жазып үш топқа бөлу

4.Жағымды ахуал туғызу әрі үй тапсырмасын тексеру

5.«Физика мұнарасы» әдісі бойынша

А Қозғалыстың қарастырылып отырған

бөлігінде өлшемдерін елемеуге болатын

дене………..

Ә Санақ жүйесі ………

Б Қозғалыс салыстырмалылығы……

( Ойлау,тыңдалым.саралау,нәтижеге жету,



көрсетілім,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру )


Сөздер жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

(22 мин)


Жаңа сабақты түсіндіру



Траектория-дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі

Жол және орын ауыстыру - Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген.
Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы, дененің бастапқы орны А нүктесі болсын .Осы дененің белгілі бір Уақыт тан кейінгі В жаңа орнын, бізде В нүктесін табу үшін, оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды S әрпімен белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған деп есептеледі.Сонымен, дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс траекториясынан ажырата білу керек. Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі мүмкін. Мысалы, дене А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда орын ауыстыру қозғалыс траекториясымен дәл келмейді. Әдетте, жүрілген жол орын ауыстырудың ұзындығынан үлкен болады, тек түзусызықты қозғалыс кезінде ғана орын ауыстыру мен траектория дәл келеді, яғни жолдың ұзындығы орын ауыстырудың ұзындығына (модуліне) тең болады.
Сонымен, дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.[1]

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісін пайдаланып оқшыларға тапсырма беремін.Бұл тапсырманы бере отырып жеке,жұппен,топпен жұмыс істеу барысында іздену дағдыларын қалыптастырамын

1 Траектория...............................

Жол............................................

Орын ауыстыру.......................

2. Айдың Күнмен салыстырғанда Жер

орбитасымен траекториясы қандай?

3. Автомобиль жолаушылап келген соң есептеуіш

көрсетуі 12 км көрсетіп тұр.Осы қашықтық



орын ауыстыру ма,әлде жол ма,траектория ма?



ІІ. «Егер 5 минутыңыз болса» әдісі

1.Футбол ойнын бақылай отырып ,шабуылшының ойын

кезінде шамамен 8км жүгіретіні анықталды. Осы

қашықтық орын ауыстыру ма,әлде жүрілген жол ма?



2.Лифт 11-ші қабаттан 5 ші қабатқа түсті,сәлден соң 8-ші

қабатқа көтерілді.Бір қабат биіктігін 4 м деп

есептеп,лифтінің жүрген жолын және орын ауыстыруын

табыңдар?

3. Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалысы



қандай?



ІІІ. Сергіту сәті « Серпілген сұрақ» әдісі

(мұғалім оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады оқушы жауап беріп келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырып ойынды жалғастырады)

1 Қозғалыс кезінде дененің соңында қалдырған ізі?

2. Айналма әткеншек тепкен баланың қозғалу траекториясы қандай?

3. Жазу кезіндегі қарындаш қозғалысы қозғалыстың қай түріне жатады?

Сыни ойлау,салыстыра отырып қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырамын



IY «Салыстыру мен салғастыруға арналған» әдісі

( Салыстыру,ойлау,саралау,топтау,сын тұрғысынан ойлауын,білім мен білік дағдыларын меңгеру




Оқулық, есептердің шарты түсірілген флипчарт,

Оқулықта

ғы берілген практика

лық тапсырма


Дескриптор


1.Траектория, жол, орын ауыстыру шамаларының

физикалық мағынасын білді;


2. Денененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы

кезінде қалдырған іздерінің жағдайларға қарай түрліше

аталуын білді;
3. Дененің кез келген уақыт мезетінде бастапқы орны мен

соңғы орнын қосатын кесіндінің және жолдың ұқсастығы



мен айырмашылығын ажырата алды;
4.Олардың белгіленуі мен өлшем бірліктерін жаза алады






Сабақтың соңы

(5мин)


«БББ кестесі»

Білемін

Білгім келеді?

Білдім













Кесте, стикер


Үй тапсырмасы

(3мин)

Өздерінің күнделікті мектеп пен үй арасындағы қозғалыс траекториясын сызу және есептеп келу.

күнделік

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет