Жаксылыкова Зауре Азимбаевна Физика-информатика пәнінің мұғалімі №134 орта мектеп Қызылорда облысы



бет9/11
Дата07.05.2017
өлшемі4,99 Mb.
#15709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Антарес, Бетельгейзе.

Спектрі бойынша Күнде G тобындағы (бетінің температурасы 6000 К) сары жұлдыздардың қатарына жатады. Бұлардың спектрінде темір, кальций, натрий тағы басқа металдардың жіқішке сызықтары басым. Спектрі, түсі және температурасы жағынан Күн кейіпті жұлдыз - Жетекші шоқжұлдыздағы жарқыраған Капелла.

Сириус, Вега және Денеб сияқты А кейіпті ақ жұлдыздар спектрінде өте-мөте сутегі сызықтары күшті. Иондалған металдардың бәсең сызықтары көп. Ондай жұлдыздардың температурасы 10 000 К-ге жуық.

Температурасы 30000 К-ге жуық өте-мөте ыстық көгілдір жұлдыздардың спектрінде бейтарап гелийдің және иондалған гелийдің сызықтары бар екені көрінеді.

Жұлдыздардың көпшілігінін температурасы 3 000-нан 30 000 К-ге шейінгі аралықта. Ал 100 000 К-ге жуық температурасы бар жұлдыздар әредік ұшырайды.

Сонымен, жұлдыздардың спектрлері әрқилы болады екен және оларға қарап, жұлдыздардың атмосферасының химиялық құрамы мен температурасын анықтауға болады. Спектрлерді зерттеу барлық, жұлдыздардың атмосфераларында сутегі мен гелийдің басым екенін көрсетті.

Жұлдыздық спектрлердің әрқилылығы олардың химиялық құрамының сан түрлілігімен ғана емес, сонымен қатар жұлдыздар атмосферасындағы температура және басқа да физикалық жағдайлардың айырмашылығымен де түсіндіріледі. Жоғары температура кезінде молекулалар бұзылып, атомдарға ыдырайды. Одан да гөрі жоғары температурада беріктігі кемдеу атомдар бұзылып, электрондарынан айрылған иондарға айналады. Көптеген химиялық элементтердің ионданған атомдары бейтарап атомдар сияқты, белгілі бір ұзындықтағы толқын энергиясын шығарады, сондай-ақ жұтады. Бір ғана химиялық элементтің атомдары мен иондары жұтатын сызықтардың интенсивтігін салыстыру арқылы, теория жолымен әлгі атомдардың салыстырмалы саны анықталады. Ол температураның функциясы болады. Осылайша жұлдыздар спектріндегі қара сызықтар бойынша олардың атмосферасының температурасын анықтауға болады.

Температурасы мен түсі бірдей, бірақ жарқырауы әр түрлі жұлдыздар бар. Ондай жұлдыздардың спектрі тегінде бірдей, сөйтсе де бағзы бір сызықтарының салыстырмалы интенсивтігінде өзгешеліктер байқалады. Мұның мәнісі: температурасы бірдей бола тұрса да, олардың атмосферасындағы қысымда аздаған айырмашылық бар. Алып жұлдыздардың атмосферасында қысым кемірек, олар сиректеу. Егер осы тәуелділікті график түрінде өрнектесек, онда сызықтардың интенсивтігі бойынша абсолют жұлдыздық шаманы тауып, одан әрі формула бойынша оған шейінгі қашықтықты анықтауға болады.

Жұлдызды аспанмен, Айдың жарығы бәсең жұлдыздарды бақылауға бөгет жасамайтын, бұлтсыз ашық түнде танысу керек. Жымыңдаған жұлдыздары маржандай шашылған түнгі аспанның суреті қандай ғажап десеңізші! Олардың саны шексіз көп. Бірақ сендер оларға үңіліп қарамайынша, өзара орналасуы өзгермейтін топ жұлдыздарды ажыратып, танып алмайынша ғана солай сияқты көрінеді. Шоқжұлдыздар деп аталған осындай топтарды адам баласы мыңдаған жылдар бұрын айырып, ат қойып, айдар таққан. Шоқжұлдыз деп белгілі бір шекарадағы аспанньщ бір аймағын ұғамыз. Бүкіл аспан 88 шоқжұлдызға бөлінген. Оларды жұлдыздарының, өзіне тән ерекше орналасу сипатына қарап табуға болады.

Көптеген шоқжұлдыз атаулары көне заманнан бері сақталып келеді. Қейбіреулері грек мифологиясымен, мысалы,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет