Жалаң және жайылма,
толымды, толымсыз
сөйлемдер
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
Орындаған:Есқазина Аида
қтә-302
Жай сөйлемдер: айтылатын ойдың шындық
болмысқа қатысы жағынан болымды, болымсыз
сөйлемдер;
Коммуникативтік мақсаты мен айтылу
интонациясы жағынан хабарлы, сұраулы, лепті,
бұйрықты сөйлемдер;
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің катысуы
сипаты жағынан жалаң, жайылма сөйлемдер;
Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшелерінің
болу-болмауы жағынан толымды, толымсыз
сөйлемдер;
Бастауыштың болу-болмауына байланысты
жақты, жақсыз сөйлемдер болып бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше
қатыспайтын, тек тұрлаулы
мүшеден – бастауыш пен
баяндауыштан ғана құралған
сөйлем жалаң сөйлем деп
аталады.
Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе
тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос
тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да
мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі - бір
тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы
мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны
қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы
болып табылады.Жалаң сөйлем сөз
таптарының қатысына қарай есімді де,
етістікті де бола береді.
Жайылма сөйлем - жалаң
сөйлемнің құрамындағы
бастауышты не баяндауышты,
не түгелдей сөйлемді
түсіндіру үшін құрамына
тұрлаусыз мүшелердің біреуі
немесе бірнешеуі енгізілу
арқылы жасалған жай
сөйлемнің түрі.
Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше
жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер
сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің
төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек
егіншіден елгезек масақшы артық”
Жайылма сөйлем құрамындағы сөздер
өзара әр түрлі синтаксистік байланыста
болады. Мысалы, меңгере байланысу
(“перзентін құшағына алады”), матаса
байланысу (“адамның анасы”), қабыса
байланысу (“алып анасы”), т.б.
Оқшау, қаратпа, қыстырма сөздердің кірістірілуі
де сөйлемнің жайылма болуына жағдай жасайды.
Мысалы, “Осының өзіне елтіп, еліктеп, таусыла
таңдануына қарағанда, бұның машығы өзі айтқан
“жора-бозаның” төңірегіндегі желік сияқты”
Жайылма сөйлем құрауға сөйлемнің мүшелену
заңдылықтарының да тікелей қатысы бар. Оның
мәнісі: бастауыштың немесе баяндауыштың
төңірегінде бір не екі сөз ғана топтаспайды, өз
ішінде бірнеше сөйлем мүшесіне ажыратуға
болатын сөздер тобы, яғни мағыналық бөлшек
болуы әбден мүмкін.
Сөйлем арқылы хабарланатын ойға
қатысты сөздер кейде түгел
айтылып, кейде олардың
кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін.
Мысалы: Сырдың суы ышқынып
ағады деген сөйлемде, ондағы ойға
қатысты мүшелер түгел айтылған.
Ойға қатысты мүшелері түгел
айтылған сөйлем толымды болады
да, ойға қатысты мүшелері түгел
айтылмаған олқы сөйлемдер
иолымсыз болады.
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы жəне тұрлаусыз
мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп
айтылуы мүмкін.Бірақ сол түсірілген мүшенің
қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен, толымсыз
сөйлемдегі басқа мүшелердің жалғауларынан,
сөйлемдердің, сөздердің өзара қатысынан
белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер
əсіресе сөйлеу тіліне, солай болғандықтан,
диалогты сөйлемдерге тəн:
Кім жазды?
Слесарь Лапшин.
<—Бұл екі сөйлемнің алдыңғысында не
жазғаны айтылмаған. Слесарь Лапшин
деген
сөйлемде анықтауыш пен бастауыш қана
айтылған. Ал баяндауыш пен тура
толықтауыш ерекше айтылмаған.
Сонда да өз ара сөйлеуші кісілерге де,
оларды оқушыларға да əңгіме не жайында
болып отырғанын мына үзіндіден толық
аңғаруға болады.
Өз ара беттесіп сөйлескен кісілер арасындағы
тілдестік қатынас толымсыз сөйлемдерді өзінен - өзі
түсінікті етіп тұрады. Ондайда сөйлемді толымды
етіп айту стильдік қате болады. Диалогты
сөйлемдердің əрқайсысы жəне оларға берілетін
комментарий сызықшамен айрылып жазылады.
Дəметкен, мынаны қарашы... ойбай-ау, не бетімді
айтайын, мына шіркін шашын қырқып қойған ба?
Көйлегін қара!
Масқара!...
Мына біреу жалаң аяқ қой...
Тпа, бəлекет, өзіңмен кет!
Жасы келдіңіз, Мейрам Омарович!
Іздеп отыр едік, -деді Щербаков.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ
СИНТАКСИСІ.Асанова Жамила
НӨКIС-2010 жыл
2)М.Балақаев Т.Сайрамбаев
Қазіргі қазақ тілі
Алматы “Санат” 2009
Достарыңызбен бөлісу: |