Жалмуханова Арай 110 топ СӨЖ: Қ. Жубановтың буын теориясына қатысты концептуалды ойы



Дата01.06.2022
өлшемі12,89 Kb.
#145672
Байланысты:
Жалмуханова Арай 110 топ С Ж . Жубановты буын теориясына аты


Жалмуханова Арай 110 топ
СӨЖ: Қ.Жубановтың буын теориясына қатысты концептуалды ойы

Құдайберген Жұбанов 1966 жылғы Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер деген еңбегінде буын туралы біраз мәселелерді қозғап оның түрлеріне де тоқталған.


Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз. Ғалым Ахмет Байтұрсыновтың ережелерін негізге ала отырып, зерттеу жүргізді. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болды. Қ. Жұбанов буын жайында өзінің 1934 жылы Ауыл мұғалімі журналында жарық көрген Буын жігін қалай табуга болады? атты мақаласында: қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұга алмайсың, буынды білмейінше сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқу сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың деп буынның маңыздылығын айта келе, қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстар санына қарай, буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне және буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктеді. Тілдегі буындарды құрамындағы дыбыстар санына қарай 4 түрге жіктеді: бір дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбьісты буын, төрт дыбысты буын. Сондай-ақ, қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайтыны туралы да айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет