Жалпы астрономия


Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт



бет26/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII

1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.

Көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің бір географиялық меридианындағы екі аттас бірінен соң бірі болатын кульминациясы арасындағы уақыт аралығы жұлдыздық тәулік деп аталады.


Берілген меридиандағы жұлдыздық тәуліктің басы болып көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің жоғарғы кульминация моменті алынады.
Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің жоғарғы кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейін өткен жұлдыздық тәулік бөліктері түрінде (жұлдыздық сағаттар, минуттар мен секундтар түрінде) көрсетілген уақыт жұлдыздық уақыт (s) деп аталады.
Берілген меридиандағы жұлдыздық уақыт көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышына тең, яғни:


s = t. (1.11.1)

Бұл нүкте аспанда белгіленбегендіктен, жұлдыздық тәуліктің басын немесе жұлдыздық уақытты анықтау үшін кейбір шырақтың сағаттық бұрышын өлшеу керек. Шырақтың тік шарықтауы белгілі болса, онда, t = Qm, = m, ал көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышы t = Q  болғандықтан,


s = t = + t, (1.11.2)
яғни жұлдыздық уақыт кез-келген мезетте кейбір шырақтың тік шарықтауының оның сағаттық бұрышымен қосындысына тең (1.23 сурет).
t=0 болған кезде (шырақтың жоғарғы кульминациясы кезінде) s = болады.
t=12h болғанда (шырақтың төменгі кульминациясы кезінде): s = + 12h.

1.23 сурет – Жұлдыздық уақыттың шырақтың тік шарықтауы мен сағаттық бұрышымен байланысы

Уақытты жұлдыздық тәуліктер мен оның бөліктері көмегімен өлшеу ең оңай тәсіл, сол себепті ол көптеген астрономиялық есептерді шешу кезінде өте тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ адамның күнделікті өмірі Күннің көкжиекке қатысты орналасуымен байланысты болғандықтан, жұлдыздық уақытты күнделікті өмірде қолдану өте ыңғайсыз: Күннің және күн мен түннің теңелу нүктесінің өзара орналасуы жыл ішінде үздіксіз өзгеріп отырады да (әр жұлдыздық тәулік ішінде Күн көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесіне қытысты шығысқа қарай ~1о-қа ығысады), Күннің, мысалы, жоғарғы кульминациясы (тал түс) жылдың әр күнінде жұлдыздық тәуліктің әр түрлі мезеттеріне сәйкес келеді (әр тәулік сайын Күннің жоғарғы кульминация мезеті көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің кульминация мезетіне қатысты 24 сағат 1о/360 о ≈ 4 минутқа (мұндай уақыт ішінде Күн өзінің тәуліктік парллелі бойымен 1о-ты өтеді) кешігіп қалады).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет