1.11.4. Орташа күн тәуліктері және орташа күн уақыты Келесі түсініктерді енгізейік: орташа эклиптикалық күн және орташа экваторлық күн.
Орташа эклиптикалық күн эклиптика бойымен Күннің орташа жылдамдығымен бірдей қозғалады және Күнмен 3 қаңтар және 4 шілдеде кездеседі.
Орташа экваторлық күн аспан экваторы бойымен орташа эклиптикалық күн жылдамдығымен бірдей қозғалады және онымен көктемгі күн теңелу нүктесін бірдей уақытта қиып өтеді.
Орташа экваторлық күннің бірдей географиялық меридиандар және бірдей кульминациялар арасындағы уақыт аралығы орташа күн тәуліктері деп аталады. Бір жыл ішіндегі орташа күн тәуліктерінің ұзақтығы шын күн тәуліктері ұзақтығына тең.
Орташа күн тәуліктерінің басы болып орташа экваторлық күннің төменгі кульминация моменті қабылданады. (орташа талтүн).
Орташа экваторлық күннің төменгі кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейінгі уақыт аралығы Tm орташа күндік уақытдеп аталады. Орташа күн уақыты кез-келген мезетте орташа экваторлық күннің tm сағаттық бұрышына 12 сағатты қосқанға тең.