Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі
|
«Бекітемін»
Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Г.Б.Кобешова
____________________
«_____» _________2019ж
|
|
|
|
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі »
11 «ә» сынып
Сынып жетекшісі: Ахапова Сания Пазылқызы
2019-2020
Тәрбие сағаты
Сынып: 11-«ә»
Күні:
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті ,ақиқат - оның негізі дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі »
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Суреттер , нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады. Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік ашу, ызақорлық. Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?
1-топқа неден жирену керек? (Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
2-топқа Неге үйрену керек? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?». Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт. рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деген, ата-анаға деген сүйіспеншілік, досқа деген, туған жерге деген сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт. Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді. Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер едің?
3.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі. Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген сөз жаныңда жүрсін. Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, ақылды парасатты болыңыздар! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Барысы:
Сүйіспеншілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,
әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.
Сүйіспеншілік бастауы неде?
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Адамгершілік туралы ойшылдар не дейді соған назар салыңдар/ слайд/
Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін оқитын Ақбота
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқитын Мадина
Ал енді осы жерде ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Шеңбер – бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. «Жақсы немесе жаман қасиеттер» тренингі . — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Енді осы қалпымызда тұрып өзіміздің бір жағымды , бір жағымсыз қасиетімізді айтайық. Оқушылар барлығы айтып өтеді. Жаман қасиеттеріңнен арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңді үйге барғаннан кейін қағазға жазып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз. Ал енді орнымызға , тобымызға отырайық, топтарға тапсырма. бірінші топқа- адам бойында кездесетін жағымды қасиет екінші топқа - адам бойында кездесетін жағымсыз қасиет үшінші топқа- жағымсыз мінезден арылу жолдары ал ата – аналар сіздерге де тапсырма әрқайсыңыз мына параққа өз балаңыздың бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттерін жазып беріңіздер.
Ал енді осы топтық жұмысты , сендердің пікірлеріңмен келісе отырып мына «Маржан сөздермен» қорытындылайық. / слайд/ Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп , пікір білдірейік. Сендердің бұл ойларыңды мына мақал – мәтелдермен қорытындылағым келіп тұр , осы мақалдардың мәніне үңіліп көрейікші. Келесі тапсырма «суреттегі адамгершілік сыры» мына экрандағы суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар. Адамгершіліктің қарапайым құпиялары Келесі тапсырма мен тақтаға төрт сөз жазамын «адамгершілік, қайырымдылық , жасаймын, Топта талқылау және бір шығарманы оқу.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
«Жұлдыздар» ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, ортасына атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер жазасыңдар.
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»
Жағдаят: «Балам, анау не?»
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не? » деп сұрапты.
- «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)
-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.
Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды
Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .
Достарыңызбен бөлісу: |