Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай"



бет10/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А. Құнанбаев "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай". Өлеңді оқу, талдау. Өлеңіндегі замана проблемасы. Өлеңнің өзіндік ерекшелігі, табысы.
Ақын лирикасының ішіндегі таңдаулысы, көшпелі қазақ тұрмысының әлеуметтік желісі, тұрмыс айырмашылығын көрсеткен мазмұн тереңдігі, табиғат пен адам қимылының жымдастырылуы. (1 сағат)
А. Құнанбаев "Қыс" өлеңі. Өлеңнің эстетикалық-идеялық сипаты. Ақынның табиғатқа жан бітіре суреттеуі. Қыс бейнесін қазақ ұғымына лайықтап, ұлттық бояуы айқын табиғи суреттермен толытыруы. Өлеңнің жаңашылдық рухына, поэтикалық тіліне талдау. Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңін жазуда Некрасовтың "Мороз-красный нос" поэмасының әсері. Салыстыра талдау жасау, салыстыру. Абайдың өзіндік жаңалығы, табысы.
(2 сағат)
А. Құнанбаев «Жазғытұрым». Өледі оқу, талдау. Өлеңіндегі негізгі сарын сахара табиғатының көркінің сипатталуы, қазақ халқының көшпелі өмір тұрмысын реалистік шынайлықпен нақтылық бейнеленуі. Табиғат көрікін, сұлулығының асқақ шабытты суреткер көзімен қарап тамсануы, жырлануы. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов шығармашылығындағы табиғат лирикасы. Абай мектебінің әсері. (1 сағат)
Қ. Жұмалиев «Абайдың табиғат лирикасы». Қ.Жұмалиевтің абайтанудағы еңбектері. Қ.Жұмалиевтің «Абайға шейінгі поэзия және поэзиясының тілі» еңбегі. Зерттеушінің Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» өлеңдері туралы көзқарасы. Оқушыларды ғылыми еңбектермен жұмыс жасауға машықтандыру. (1 сағат)

ІІІ бөлім. Ғылым оқып, ой тапқан (8 сағат)


А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге». Өлеңді оқу, талдау. Өлеңдегі қазақ халқының дүние-әлем, бақи мен жалған туралы байырғы ұғым түсініктерімен, дәстүрлі дүниетанымның негізі категориялармен тығыз байланыстылығы. Ақынның адамгершілік туралы ойларының қайрат, ақыл, әділет, шапқат секілді адам бойындағы асыл қасиеттер негізінде ашылуы.
«Толық адам» түсінігі. Өлеңнің тәрбиелік мәні. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Он сегізінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Абай:
«Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын», - дейді. «Тегінде, - дейді Абай – Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» дей келе кербездікті қатты сынға алуы. Кербездіккке салынып, оны әдетке, мақтанға айналдыру – ақымақтық іс екенін бүгінгі таңмен байланыстыра ашу, адам бойындағы жат мінездерді сынға алу.
Тәрбиелік мәні. Бүгінгі қоғаммен байланыстыру. (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет