Ақынның халыққа табыстаймын деген асыл ойлардың түпкі бір қорытындысы.
Өлеңнің тәрбиелік мәні.
(1
сағат.)
А. Құнанбаев «Ойға түстім, толғандым».
Абайдың кейін табылған
өлеңі. Өлеңнің тақырыптық-идеялық мәні. Халық мойнындағы қараңғылықтың
қат-қабат қамыты, арқасындағы зілбатпан ауыр тұрмыстың жүгі, одан құтылар
жолдың жоқтығы. Ақын туған елін азаптан құтқаратын сәулені іздейтіндігі. Сол
қоғамның «белсенді» мүшелерін сынауы.
(1
сағат.)
А. Құнанбаев «Тоты құс түсті көбелек». Өлеңнің тақырыптық-
идеялық сипаты.
Өлеңіндегі адам өмірінің мәні, заңдылығы. Қазақ ұғымында
ең әдемі қызыл-жасыл түс тоты құс түсі болса, Абай айтуынша сондай қызықты
да тәтті өмірің - қас қағымдық ғұмыр. Ақын қамығып, күйректікке салынбай
дұрыс өмір сүрген, заманды билеуге талпынған адамды қолдауы, құптауы.
Өлеңнің поэтикалық тілі.
(1
сағат.)
Достарыңызбен бөлісу: