Жалпы білім беретін мектептердің 2-11-сыныптарының (оқыту қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде) білім алушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазуды ұйымдастыру туралы ереже



бет10/18
Дата23.12.2021
өлшемі36,96 Kb.
#128194
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Диктант мәтіні
7 сынып БЖБ ТЖБ жинақ физика (2)
11-сынып
Тәуелсіздік – ел тірегі
Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік. Яғни, дербес, егеменді мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл толып, мерейлі белестерді бағындырдық. Ал тарих үшін бұл уақыт қас-қағымдай-ақ. Өйткені, қаншама ғасырларды аясына алып құшақтаған тарих қойнауы талай халықтардың, талай ұлы мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, бізге өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат.

Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан Тәуелсіздіктің отыз жылының тәтті дәмі жаңа ғасыр басындағы күндерде таңдайымызды үйіре түскендей. Отыз жыл ішінде жетістіктерімізбен бірге жоспарларымыз да, жеңістерімізбен бірге бағындырар асуларымыз да айқындалып отырды.Осы отыз жыл өзінің ерекшеліктері жағынан, істелген істердің маңыздылығы жағынан, ауқымы мен тегеуріні жағынан болашағымыздың іргетасы болып қаланды. Дәл қазіргі заманда тәуелсіздік туының астында тәуелсіз өмір сүруді сезінуден артық бақыт бар ма?! Біз қазақстандық жастар: «Менің Отаным-Қазақстан. Оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын»,-деген мығым ойды бойымызға сіңіріп өсудеміз. Әрине, бұның бәрі – тәуелсіздікті аңсаған халқымыздың арман-тілегі.

Тәуелсіздік... отыз жылдық өмір! Барлығы өз тағдырымыз. Қуанышты жетістіктер де халықтікі. (154сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет