6-сынып
Туғанжер
Туған жер! Туған ел! Бұл сөздерді естігенде, жан дүниеңе ыстық сезім ұялайды... Туғанжердіңтауы мен тасы,өзені мен көлі,орманы мен жазығы, ауасы мен топырағы әрбір жан баласы үшін ыстық болады. Адамның туған жері әрдайым көзге жылы, жүрекке ыстық көрінеді.
Туған жер өз үйімізден басталады. Елін, жерін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Өзіңніңкіндікқаныңтамған жеріңді сағынбау мүмкін емес шығар, сірә?!(64сөз)
7-сынып
Туғанжер – тұғырың
Біз – тарихтың бұралаңы көп жолдарынан өтіп, бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз. Тәуелсіздікбізге үлкен еңбекпен келді. Ата-бабамыздыңұрпағым, елім, жерімдеп, солүшінкүресіп, «мыңөліп, мыңтіріліп» жүріп, «өзімжетпесем де, ұрпағымжетсеекен»,–депармандапөткенеңбегінің жемісі.
Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы тәуелсіздіктің арқасында келді. Біз – тәуелсіз елдің төл перзенттеріміз. Жас мемлекеттің жаңа түлегіміз. Туған жердің тұғырына қонар жас қыранымыз. (75сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |