10-жаттығу
Егер стакандағы суды жылы бөлмеден 0С – тағы суық жерге ауыстырса , онда ол булана ма?
Жауап: Буланады. Булану кебу процесі төменгі температурада да жүретінін білеміз. Ерекшелік: булану өте баяу жүреді.
Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суыйды?
Үрлегенде шай бетінен көтерілген су молекулалары үрлеген ауа ағымымен ілесіп булану процесінің шапшаңдауына ықпал жасаймыз. Неғұрлым шай бетінен ұшып шығатын су молекуласының саны артқан сайын шайдың ішкі энергиясы булану шапшаңдығына тәуелді өзгеріске түседі.
Неге құрғақ ауадағы ыстықты, ылғал ауадағы ыстықтан гөрі жеңіл ығыстыруға болады?
Егерде құрғақ ауа мен ылғал ауаның температуралары бірдей болған жағдайда ылғал ауа құармында су буының мөлшерінен бірнеше есе артық. Сондықтанда, құрғақ ауа жеңіл ығысады.
Жайылған кір мен жабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?
Жайылған кір мен жайылған шөп бетінен кебу процесі кезінде, су молекулаларының алған жылдамдығы буланған бетті тастап атмосфералық ауа қабатына өтіп кетуіне жеткіліктері бөлінген күйде қайта кері түспейді. Жылдамдығы жеткіліксіз су молекулалары кері құлауға мәжбүр. Ал, жел болған жағдайда жылдамдығы азында, көбінде ауа ағынымен бірге алып кетеді. Сондықтанда, желді күеі су беті, шабындық, жер беті, егістік алқаптарының бәрінде кебу жақсы жүреді.
Өзенге шомылып жағаға шыққанда салқынды сезінеміз. Неге?
Шомылып жағаға шыққанда денемізге жұққан су тамшылары денеміздің қызуынан энергия алып кебе бастайды. Кебу кезіндегі су молекулалары қанша энергия алып кебу процесі жүрсе біздің денеміздің ішкі энеогиясы сондай мөлшерде төмендейді. Салқындықты сезінуіміз сондықтан.
Ылғал ағаш құрғақ ағашқа қарағанда отта баяу жанады. Себебін
Түсіндіріңдер?
Ылғал ағашты жанып жатқан отқа тастағанда оттың жануы баяулайтын себебі жану кезінде бөлінетін энергияның біраз бөлігі ағаш бойындағы суды кептіруге жұмсалады. Су жануды қолдамайды. Жану процесі толық өз мәнінде жүру үшін отынның құрғақ болуы міндетті.
Арық, тоғандарда жиналған судың температурасы қоршаған орта температурасынан үнемі төмен болады. Оның себебі неде?
Арық, көлшік, тоғандардағы су бетінен үздіксіз кебу процесі жүріп отырады. Су бетінен көтерілген су буы бір молекулаға су бетінен ажырап ұшып шығуға жетерлік энергияны судан алады. Әрбір уақыт мезетінде бөлінген су молекулаларының жиынтық энергиясына тең шамаға арықтағы, көлшіктегі, тоғандағы судың ішкі энергиясы кемиді. Сондықтанда су температурасы орта температурасынан төмен.
8. Неге жаңбыр жауғанда күн лезде суытады?
Жаңбыр жауғанда атмосфералық ауа арқылы су тамшылары жерге түсер кезде ауадан біршама жылу түскенде жер қыртысынан жылу энергиясын алу арқылы булану процессі жүреді. Сондықтанда жер бетінің және атмосфералық ауаның температурасы төмендейді. Күн суытады.
№11-жаттығу.
1. 6-кестені пайдаланып, бөлме температура турасындағы су мен спирттің және сутектің жүйелерін анықтаңдар. № 6-кестеде үш түрлі берілген заттың қайнау температурасы көрсетілген. 1-су 1000 С
2- спирт 780 С
3- сутек- 2530 С. Бізден сұрап отырғаны осы үш зат қандай күйде? Сұрақтың шартында бөлме температурасында деп нақты айтылғандықтан су, спирт қалыпты сұйық күйінде. Ал, сутекке келсек,ол қалыпты Ал, сутекке келсек,ол
қалыпты Н2 малекулалық күйде яғни газ күйінде. Орнықты газ.
Сорпадағы еттің пісуі неліктен әлсіз не күшті отта тұрғандығына байланысты емес? Қазан астында жанған от әлсіз не күшті болғандығына байланысты қайнау температурасы өзгермейді. Қайнау температура 100С болғандықтан баяу жақсақта, үстемелеп жақсақта қайнау температурасы өзгермейді. Сондықтан оттың жану қарқынына тәуелді емес. Қоршаған ортаның қысымына тәуелді.
100 0С – тан 0 0С – қа дейін салқындатылған массасы 5кг су қанша энергия мөлшерін бөледі?
Бері : Шешуі :
Достарыңызбен бөлісу: |