Өткізген: Нарын орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің ІІІ деңгей мұғалімі, 10 сынып жетекшісі: Абуова Рысгүл Нұрлыбекқызы.
2014 – 2015 оқу жылы
Сыныбы: 10
Күні: 06.02.2015 ж
Сынып сағатының тақырыбы
«Өмір, қымбатсың маған!»
Мақсаты
Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылардың өмірге деген құштарлығы, қызығушылығы оянады, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалай білуге үйренеді.
Қайырлы күні! Құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда біздің бүгінгі шеберлік сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі шарамыздың жүру барысы бойынша өз ортамызда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар сіздерді ортаға шеңберге шақырамын. Сіздермен жүргізілетін тренингіміздің тақырыбы: «Жағымды тілек» деп аталады.Тренингіміздің шарты бойынша бір-бірімізге доп лақтыру арқылы «Өмір» сөзінен басталатын жағымды тілек айтамыз. Ендеше бастайық. Мысалы: Ақылбек, өмірде бақытты болуыңа тілектеспін.
Өте жақсы. Тренинг барысы бойынша мен сіздерге мынадай сауал қойғым келіп отыр:
Жағымды тілек айту сіз үшін жеңіл болды ма? Жағымды
тілекті естігенде қандай күйде болдыңыз? Алған әсеріңіз
қандай?
Мұғаліммен амандасады, ортаға тренингке шығады.
Тренинг ережесі бойынша бір-біріне доп лақтыру арқылы «өмір» сөзімен байланыстыра отырып, жағымды тілек айтады.
Оқушылар тренингтен алған әсерін мұғалім сауалына жауап беру арқылы білдіреді.
Топқа бөліну
Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, ендеше баршаңыздың да тілектеріңіз қабыл болсын дей келе, сіздерден қолымдағы әуенді қобдишадан өмір туралы айтылған өлең жолдарын таңдауларыңызды сұраймын. Таңдап алынған өлең жолдары арқылы бір-бірлеріңізбен байланыстыра отырып, топ құра қойыңыздар.
І топ сіздерге берілген өлең жолы:
Өмір – өзен ағып жатыр , тынбайды ,
Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,
ІІ топ сіздерге берілген өлең жолы:
Таңдап алған өлең жолдарының ұйқасын салыстыра отырып, топ құрайды.
«Ой қозғау» сұрақтары
Сіздердің таңдап алған өлең жолдарыңыз не туралы деп ойлайсыз? Дұрыс айтасыздар. Олай болса біздің бүгінгі шеберлік сабағымыздың тақырыбы: «Өмір, қымбатсың маған!» деп аталады. Осы орайда мен сіздерге сауал қойғым келіп отыр:
Өмір дегеніміз не? Өмір несімен қымбат?
Құнды пікірлеріңізге рахмет!
Оқушылар шеберлік сабағы тақырыбын тауып айтады, ой қозғау сұрақтарына жауап береді.
Тұсаукесер
Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек , айтады – ғой, “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.
Оқушылар «өмір»сөзінің ұғымы туралы құнды ақпаратты тыңдайды.
Негізгі бөлім «Ойланайық, пікірлесейік!»
әдісі
Сіздерге өмір сыйлаған аналарыңыз туралы одан әрі сөз өрбіту, пікір алмасу үшін назарларыңызға мына бір «Соқыр ана» атты бейне көріністі ұсынғым келіп отыр.Назарларыңызға рахмет! Осы бейнебаян төңірегінде мен сіздерге бейне көрініс мазмұны бойынша сұрақтар қойғым келіп отыр. Экранга назар аудара отырып, «Ойланайық, пікірлесейік!» бөлімі бойынша сұраққа жауап берелік.(көрермен ұстаздардың пікірін сұрау).
1.Бейне көріністен баланың іс-әрекетіне қандай баға берер едіңіздер?
2.Ана не үшін барлық болған жағдайды баласына ертерек айтпады деп ойлайсыңдар?
3.Анасы мұндай қадамға не үшін барды деп есептейсіңдер? Сіздердің құнды пікірлеріңізді негізге ала отырып, бейне көріністің соңғы түйініне құлақ түрсек.
Оқушылар «Соқыр ана» атты бейне көріністі тамашалайды.
Бейне көрініс мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы, өз пікірлерін білдіреді.
«Топтас, ойлан, талқыла» әдісі (постер қорғау)
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады.
Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Олай болса, бүгінгі сабағымыз да осы өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.Келесі кезеңіміз «Топтас, ойлан, талқыла» деп аталады. Сіздерге 2 түрлі тапсырма беремін. Экранда берілген тапсырмаға назар аударайық, осы тақырыптар төңірегінде постер дайындайсыздар, сурет арқылы өз ойларыңызды білдіресіздер. 1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе. 2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушылар топ болып бірлесе отырып, берілген тақырып бойынша постер қорғайды.
«Өнерлі болсаң, өнерің тасысын»бөлімі
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Өмір осынысымен қымбат! Өмірдің әр сағаты,әр минутына дейін қымбат.Өйткені оны ешқашан артқа айналдыра алмаймыз.
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек.
Келесі кезеңіміз «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге шығармашылық тапсырма беріледі. Әуенді шкатулка ішінде (қобдишадан) жасырылған тапсырманы ала қойыңыздар.
1 топ Өмір туралы ән орындау.
2 топ Өмір туралы мәнді шағын сахналық қойылым (көрініс көрсету.) 2 тобымыздың көрсеткен қойылымы туралы не айта аламыз? Қандай өмірлік мағынасы бар? Пікірімізді білдіре отырайық.
Оқушылар топ болып бірлесе отырып, өз өнерлерін ортаға салады.
Қас қағым сәтте көрсетілген көрініс бойынша келесі топ оқушылары пікір айтады, өмірлік мағынасын ұғады.
«Түсін мені»
бөлімі
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Осы орайда мен сіздерге бүгінгі сабағымызға арнайы келген өздеріңіз сияқты жасөспірімдердің мәселесі жазылған хаттарын ұсынғым келіп отыр. Бұл кезеңіміздің аты «Түсін мені» деп аталады. “Түсін мені”
1.Мені сыныптастарым жақсы оқығаным үшін, көп білгенім үшін ұнатпайды. Мен жоғарғы оқу орнына түскім келеді. Бірақ, менің отбасымның жағдайы жоқ. Әкем -жұмыссыз, ал анамның денсаулығы жоқ. Менің болашағым жоқ. Менің өмір сүргім келмейді. Маған қандай ақыл айтасыздар?
2. Менің әкемнің жеке тік ұшағы бар. Ол - бизнесмен. Біз шалқыған баймыз. Бізде бәрі бар. Бірақ мен өзімді бақытсыз сезінемін. Достарымда аз, ата-ананың жылулығы жетіспейді. Мен бұл байлықтан шаршадым. Бұған төзе алмаймын. Не істеймін?
Сұрақ : Осы балдардың ойлаған ойлары дұрыс па?Қандай кеңес айтасыздар?
Оқушылар пошта жәшігіне салынған хаттарды алады. Өздері таңдап алған хат тапсырмасы бойынша топ болып пікірлесе отырып, жасөспірімдердің мәселесін шешу жолдарын айтады.
«Әсем әуен» айдары
Оқушылар, өздеріңіз байқағандай біздің бүгінгі сабағымызда аудан орталығынан келген қонақтарымыз келіп отыр. Ендеше кезекте қонақтарымызбен бірлескен «Әсем әуен» айдарына берелік. Мен сіздерге әуенді қобдишамды ұсынамын, әсем нотамен бейнеленген өлең жолдарын таңдаңыздар. Экранга назар аударыңыздар.Таңдап алынған өлең жолдарымен танысу арқылы «Өміріңе немқұрайлы қарама»тақырыбындағы әнді караокемен бірге шырқайық.
Көп рахмет, сіздерге.
Оқушылар мен қонақтар өлең жолдары жазылған нотаны таңдайды. Экранда «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні жіберіледі. Қонақтар мен оқушылар өздері таңдап алынған өлең жолдарына қарап отырып, кезекпен ортаға келіп, әнді бірге орындайды.
«Бос уақыт қобдишасы» тренингі
Адамның өмірі уақыттан үнемдеген істерімен ұзарады. Уақыт – қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты. Өйткені біз нені болса да уақыт арқылы аламыз. Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі - уақыт пен төзімнің жемісі демекші мен сіздермен тренинг жүргізгелі тұрмын. Тренингіміздің тақырыбы: «Бос уақыт қобдишасы» деп аталады. Керекті құралдар: ірі тас, ұсақ тас, құм сандықша
Жүргізуші:
Бір күні бір дана кісі өзінің шәкірттерімен бірге теңіз жағалауында серуендеп жүрген болатын. Бір кезде толқын олардың аяғының астына көне сандықшаны іліктірді. Оқушылар шаттанды. Сандықша өте ауыр болды, ал олар болса сандықшаның ішінде не зат бар екендігі қызықтырды. Шәкірттер сандықшаны ашты, бірақ іші бос болып шықты.
Тапсырма: Қалай ойлайсыздар, осы бос сандықшаны немен толтыруға болады?
(мұғалімдер мен оқушылар өз жауаптарын айтады)
— Мен сандықшаны таспен толтырар едім, — деді біреуі.
— Ал мен кішкентай тастармен толтырамын, ол сиымды болады және менің көп күшім кетеді, — деді біреуі.
Үшіншісі былай деп есептеді, сандықшаны құммен толтыру, яғни барлығыда құмға толатындығын айтты. (бұл жауаптарды оқушыларға беріп қою керек)
Жүрг: Иә,барлығыңның жауаптарың дұрыс болды? Бірақ,дана бұл сандықшаны былай толтырған екен.
Тапсырма: Енді осы айтқандарымызды тәжірибе жүзінде жасап қарайық.
(біреуі-ірі тас,біреуі-құм, біреуі-ұсақ тастармен толтырып жатады,бірақ қалай еткенде де сандық толмайды).
Дана алдымен сандықты алып, үлкен тастармен толтырды.
— Сандық толды ма? — (оқушыларға сұрақ қояды)
— Жоқ, —деп жауап берді.
Сосын дана оны ұсақ тастармен толықтырды.
— Сандық толды ма?
— Жоқ.
Ал қалған ашық жерлерін құммен толтырды. Міне оқушылар сандық енді ғана толды. Бұл сандық біздің бос жіберген уақытымызға ұқсас.
— Жауап беріңдерші, неге дана сандықты бос уақытпен салыстырды?
— Сандық секілді, уақыт шектеулі, бізде уақытты әр түрлі пайдаланамыз. Кей уақытта өз қалауымызбен толықтыру мүмкіндігі болмай жатады. Бірақ мынаны ұмытпаған жөн, ірі тастар-біздің үлкен істеріміз, оны айналамыздағылар көреді, ұсақ тастар – біздің уақыт,яғни біз дем алуға, ойнауға арнаймыз. Ал құм – ұсақ күнделікті жұмыстар, ол көзге көрінбейтін көп, ол адамдарға өте қажет істер. (Қызылмен жазылған сөздерді слайдқа салынады)
Жүргізуші. Қалай ойлайсыңдар, балалар, сіздердің өмірлерің «алтын кесек» деп айтуға бола ма? Бұл қандай уақыт? Қандай жұмысқа арналған деп ойлайсыңдар? (жауап береді)
Ал, қонақтар сіздердің өмірлеріңіз ірі тастар деп ойлайсыздар ма?
(жауап береді)
Ал сіздердің өмірлеріңізде бағалы зат нені айтасыңдар? Білесіздер, балалар, дана қарт бағалы тас, ол біздің уақытымыз деп атады. Уақыт – алтын.
Ал «алтын құмға» өзіміздің көп уақытымызды алмайтын істерімізді жатқызамыз.
«Алтын кесек»: мектептегі сабақтар, үй тапсырмасын орындау, музыка мектебіндегі сабақ, шетел тілінен үйірме сағаты, факультатив, шараға дайындық, олимпиада және жарыстарға қатысуды жатқызамыз.
«Алтын тастар»: достармен ойын, компьютер ойыны, мерекелер, театрға, циркке бару.
Ортада әсем әуенді әуелетіп, әсем биген өрнектеген қонақтар мен оқушылармен тренинг жүргізіледі.
Тренинг барысында қонақтар мен оқушылар бірлесе отырып, тапсырманы орындайды.
Қонақтар мен оқушылар өздеріне берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін ортаға салады.
Тренинг түйіні
Құдіретіне табындырып пендені,
Жазылмастай жараны да емдеді.
Жау жеңе алмас мықтыны да бұл уақыт,
Таң қалдырып адамзатты жеңгені.
Тығырыққа тірелгенде амалсыз,
Қанша минут еске түсер санаусыз.
Үміт шіркін, мәжбүр болып уақытқа,
Бір сәт болсын тыныстаған алаңсыз.
Уақыт, тоқта, аялдашы шамалы,
Мың өкініш артта қалып барады.
Тым болмаса түзейінші біреуін,
Жаным менің жай тапсыншы жаралы.
Жай таппаса жараланған әз жаным,
Шөл далада тамшы сусыз қалғаным.
Артқа тастап кейбір тәтті сәттерді,
Қаламаушы ем уақыт алға озғанын.
Сағат тілін артқа өзім қозғадым!!!
Ендеше бүгінгі сәтің, бүгінгі минутың,бүгінгі сынаптай зырғып бара жатқан секундтың ертең қайтып келмейді. Уақыт біз үшін – алтын. Өз өмірің өз қолыңда.Уақыт таразы.Әр уақытта таразы басы тең болсын! Әр уақытымыз сәнге,өміріміз мәнге толсын! Рахмет қонақтар осындай тренингке қатысып,өз ойларыңызды бөліскендеріңізге. Шәкірттердің тілектерін қабыл алыңыздар!
Оқушылар әуенді қобдиша ішінен тәтті кәмпитке жапсырылған ұстаздарға арналған тілектерін оқып берсе, қонақтар оқушыларға арналған тілектерін оқып, табыс етеді.
Рефлексия
Бүгінгі сабағымыз барысында алған әсерімізді, ойымызды түйіндеу үшін сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. Сіздердің қолдарыңызға ғажайып әлемнің «Алтын кілтін» ұсынамын. Осы кілтті қолыңызға ұстағанда өмір туралы құнды бір сөз айтасыз.
Өмір – бұл жалын,ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір –бұл күрес, ендеше күресте бірей жеңу керек.
Өмір бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір –бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір –бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі – бұл ел тағдыры .
Сіздер ғажайып әлемнің алтын кілтін қолдарыңызға ұстай отырып,
өмір туралы құнды сөздерді айтсаңыздар, менде осы кілтты ұстай отырып, сіздерге тамаша өмір сүрудің 10 кілтін ұсынбақпын:
1.Өзіңді таны – Өз ішіңе саяхат жаса. Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта.Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға.
3. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету.
5. Тамаша өмірді неге рахаттанып өткіз. Бақытты бөлісу керек. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
7. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің.
9. Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды .Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.
10. Шүкір етуді ұмытпау керек!
Оқушылар сабақ барысы бойынша алған әсерлерін кері байланыс барысында білдіреді.
Ғажайып әлемнің «алтын кілтін» ұстау арқылы өздерінің сабақ барысында түйген құнды сөздерін айтады.
Мұғалім айтқан тамаша өмір сүрудің 10 кілтін біледі.
Қорытынды
Шыдамдыны мына өмір ұнатады, Бірде қуантып, бірде жылатады, Сүріндіріп кейде сені құлатады. Жылатып тұрып жұбатады Дұшпандарға кейде сені сынатады, Қатал тағдыр бірақ та шыдатады, мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі шарамызды аяқтаймын.